Технология сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚамалық Жалпы ережелер



бет1/8
Дата02.09.2024
өлшемі24,92 Kb.
#203800
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қауіпсіздік ережесі ер балалар және қыздар



Технология сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
Жалпы ережелер

  1. Бұл нұсқаманың талаптарын орындау технология кабинетінде жұмыс істейтін барлық оқушылар үшін міндетті.

  2. Оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,еңбек пен демалыстың белгіленген режимдерін сақтау тиіс.

  3. Оқушылар өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті,алғашқы өрт сөндіру құралдарының орнын білуі тиіс.

  4. Оқушыларға кабинетте жүгіруге,шулауға және ойнауға тыйым салынады.

  5. Әрбір жазым оқиға жағдайы туралы жазым оқиғаның зардап шегушісі немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге хабарлауға міндетті.Жабдық,құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

  6. Жұмыс кезінде оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін,жеке гигиена ережелерін сақтау тиіс,жұмыс орның таза ұстау керек.

  7. Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықты орындамаған немесе бұзған оқушылар жауапкершілікке тартылады; барлық оқушылар жоспардан тыс нұсқамалық өткізеді.

Аспаздық жұмыстар кезінде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
I.Жалпы ережелер
1. Технология кабинетіндегі аспаздық жұмыстарға дәрігерлік тексеруден және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан өткен оқушылар жіберіледі.
2. Аспаздық жұмыстарын жүргізу кезінде,оқушылар тәртіп ережелерін, сабақ кестесін,белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтау тиіс.
3.Аспаздық жұмыстарын жүргізу кезінде,оқушыларға мынандай қауіпті әрі зиянды факторлардың әсер етуі мүмкін:
- кабинеттің электр жабдықтарының бұзық болу себепті электр тоғынан зақымдану;
- тамақ дайындау кезінде ыстық заттар мен абайсыз әрекеттерден күйіп қалу,пышақ пен жұмыс істегенде қолды кесіп алу.
4. Аспаздық жұмыстар жүргізгенде арнайы киімдер пайдалануы тиіс, олар: халат немесе алжапқыш,үшкіл ормал (косынка).
5. Жабдықтың,құралдың және аспаптың бұзық болған жағдайында жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет