Технология сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚамалық Жалпы ережелер


Металды қолмен өңдеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ



бет5/8
Дата02.09.2024
өлшемі24,92 Kb.
#203800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қауіпсіздік ережесі ер балалар және қыздар

Металды қолмен өңдеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
I.Жалпы ережелер
1. Металды қолмен өңдеу бойынша өз бетінше жұмыстарға жасы 16-дан асқан,тиісті дайындықтан,еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан,дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
Мұғалімнің (оқытушының,шебердің) жетекшілігімен металды қолмен өңдеу жұмыстарына 5-сыныптың еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
2. Оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтауы тиіс.
3. Металды қолмен өңдеу жұмыстары кезінде оқушыларға мынандай қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін:
-металл сынықтарынан зақымдану;
-ақаулы аспаппен жұмыс істеу кезінде жарақат алып қалу.
4.Металды қолмен өңдеу жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары пайдаланылуы тиіс,олар: мақта-матадан тігілген халат,берет,көзді қорғайтын көзілдірік.
5.Оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға,алғашқы өрт сөндіру құралдарының орнын білуге міндетті.
6.Жазым оқиға жағдайы туралы зардап шегуші немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау міндетті,ол бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлайды. Жабдық,құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып бұл туралы мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау керек.
7.Оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін,жеке гигиена ережелерін сақтау тиіс,жұмыс орның таза ұстау керек.
8.Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықты орындамаған немесе бұзған оқушылар жауапкершілікке тартылады; барлық оқушыларға еңбекті қорғау жөнінде жоспардан тыс нұсқамалық өткізіледі.


II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары
1.Арнайы киімді дұрыс кию (алжапқыш пен жеңсе немесе халат пен баскиім-берет,мұны мен қатар шашты ұқыппен жинастыру керек.)
2.Металды кескенде көзілдірік кию.
3.Инверьтарды түгенде (күрекше,сыпырғы,егеулерді тазартуға арналған щетка,отырғыш, тоспа торкөз).
4.Жеке пайдалану аспаптарының жағдайын тексер, оларды мұғалім белгіленген ретпен бұлжытпай қойып шық.Аспаптардың ақауы болған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарла.
5.Шебер үстел қыспақтарының жағдайын тексер (қыспақтардың еріндері нықтап бекітілген, кертігі қажалмаған болу керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет