III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1.Өңделетін детальды қыспаққа мықтап бекіт.Қолыңды жарақаттап алмау үшін қыспақтың тұтқаларын төмен қарай бір қалыпты ұста.
Жұмысты дұрыс,жақсы реттелген аспаптармен ғана орында,жарақат алып қалмау үшін мыналарды бақылау қажет:
-балғалардың,зілбалғалардың басының жапрылмаған,дөңес болуын;
-артқы жағы үшкір аспаптардың (егеулердің, т.б.) бекітілген пішінде,жарылмаған және сызат түспеген, нығыз орнатылған тұтқалармен жабдықталғанын:
-соғып кесетін аспаптардың (темірқашау,шапқы,кернер,крейцмейсель т.б.) үстіңгі бетінің жалпаймағанын;
-темір қашаудың ұзындығы 150 мм-ден кем болмауын,сонымен бірге оның созылған бөлігінің 60-70 мм болуын;
-егеумен жұмыс істегенде саусақтарыңның егеудің жоғарғы жағында болуын;
-кесілген үстіңгі беттің сапасын саусақтарыңмен тексерме;
-аузы гайкадан үлкен кілттерді пайдаланба,кілттің тұтқасын екі кілтті қосу (айқастыру) арқылы ұзартпа;
-слесарьлық аспаптарды олардың тікелей қызметіне ғана пайдалан;
-металдарды қайшы мен кескенде олардың кесілетін жалпақ бөлігін қолғап киіп ұста.
IV. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Аспаптардың жағдайын тексер,олар бұзылған жағдайда мұғалімге хабарла.
2.Аспаптарды дұрыс жағдайға келтір (балғадағы,темірқашаудағы,кернердегі қылауларды алып таста; егеулерді жоңқаулардан тазарт)
3.Аспаптарды мұғалім берілген ретпен қой.Қыспақтардың еріндеріндегі кертіктер бүлінбеуі үшін оларды нығыздап қыспа,1-сыңылау қалдыр.
5.Үсті-басыңды ретке келтір.
Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шықпа.
V.Апатты жағдайлар
1.Аспаптарда ақау пайда болғанда бұл туралы мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау қажет.
2.Жарақат алған жағдайда бұл туралы тез арада мұғалімге (оқытушыға,шеберге)хабарлап,зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету керек,қажет болған жағдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жөнелту және мекеме әкімшілігіне хабарлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |