Технология сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚамалық Жалпы ережелер


Ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ



бет7/8
Дата02.09.2024
өлшемі24,92 Kb.
#203800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қауіпсіздік ережесі ер балалар және қыздар

Ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ
I.Жалпы ережелер
1.Ағашты қолмен өңдеу бойынша өз бетінше жұмыстарға жасы 16-дан асқан,тиісті дайындықтан,еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
Мұғалімнің (оқытушының,шебердің) жетекшілігімен ағашты қолмен өңдеу жұмыстарына 5-сыныптың еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі.
2.Ағашты қолмен өңдеу жұмыстары кезінде оқушыларға мынандай қауіпті өңдірістік факторлардың әсер етуі мүмкін:
-ақаулы аспаппен жұмыс істегенде қол жарақатын алып қалу;
-құрал қолданбастан кескенде қол жарақатын алып қалу;
3.Металды қолмен өңдеу жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары пайдаланылуы тиіс,олар:матадан тігілген халат,берет,көзді қорғайтын көзілдірік.
4.Жазым оқиға жағдайы туралы зардап шегуші немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге хабарлауға міндетті,ол бұл туралы әкімшілігіне хабарлайды.Жабдық, құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.
II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары
1.Арнайы киімді кию,шашты ұқыппен беретке жинастыру керек.
2.Аспаптар мен дайындамаларды шебер үстелдің үстіне мұғалім белгілеген ретпен қойып шық,артық заттарды алып таста.Аспаптардың жағдайын тексер,ақаулар болған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарла.
3.Инвентарьды (күрекше,щетка-сыпырғы,отырғыш)түгенде.
4.Шебер үстелдің (қысатын қорап,кесуге арналған тіреу,қысатын сыналар,сызуға арналған құралдар) дұрыстығын тексер.
5.Оқу шеберханасын желдету.


III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1.Өңделетін детальды қыспаққа мықтап бекіт.
2.Жұмыстарды дұрыс,жақсы реттелген аспаптармен ғана орында.
3.Жарақат алып қалмау үшін мыналарды бақылау қажет.
-артқы жағы үшкір аспаптардың (егеулердің, т.б.) бекітілген пішінде,жарылмаған және сызат түспеген, нығыз орнатылған тұтқалармен жабдықталғанын
4.жұмыс кезінде алаңдама.
5.Арамен жұмыс істегенде,кескенде құралдарды пайдалан.
6.Өңделген үстіңгі беттің сапасын саусақтарыңмен тексерме.
7.Ағаш аспаптарды олардың тікелей қызметіне ғана пайдалан.
8.Технологиялық операцияларды (аралауды,жонып тігістеуді,қашауды,бұрғылап тесуді,детальдарды жалғауды) сайманда тіреуіштерді,төсейтін тақтайларды пайдалана отырып,белгіленген орындарда,шеберүстелдің үстінде атқар.
9.Шеберүстелдің қалдықтармен,жоңқалармен ластануына жол беруге болмайды.
10.Жұмыс кезінде алаңдама,жұмыс әдістерінің дұрыс орындалуын бақыла.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет