Өрт қауіпсіздігінің ережелері
Түтіннің иісін сезген бойда үйден тез шығып кетіңіз. Егер шыға алмасаңыз кез- келген сулы орамалмен ауыз бен мұрынды жауып, еңкейіп үйден шығып кетіңіз.
Егер өрт шағын ғимаратта болса , есік пен терезңыз; өйткені таза ауа желдің кіруі жалынды күшейтеді .
Жанып жатқан ғимараттан лифтімен түспеңіз, ол жалын жайылған қабатта ашылып кетіп , кісі өліміне алып келуі мүмкін; сонымен қатар электр тогы ажыратылып, кабина түтін толған шахтада тұрып қалуы мүмкін.
Егер баспалдақ алаңы өрт пен түтін құшағында қалса, төбеге шығуға тырысыңыз және сізді өрт сөндірушілер түсіргенше күтіңіз.
Егер өрт дәлізді қауласа, есікті нығыздап жауып, барлық саңылауды су шүберекпен нығыздаңыз. Есікке көрпе немесе пальто жауып, терезені ашыңыз және айқайлап көмекке шақырыңыз.
Өрт кезінде түтіннен шкафқа, үстел, керует астына, дәретхана мен жуынатын бөлмеде тығылмай жұрт көзіне түсуге тырысу керектігін ең алдымен өзің ұғынып, бұған іні қарындастарыңды үйретуің керек.
Бағдаршам түстерінің мынадай мағынасы бар:
Қызыл түс- қозғалысқа тыйым салады.
Сары түс- қозғалысқа тыйым салады және түстердің келесі өзгерісі туралы ескертеді.
Жасыл түс- қозғалысқа рұқсат етеді.
Әр оқушы негізгі жол белгілерін білуге және оның талаптарын дұрыс орындауы тиіс. Жол қозғалысын бағдаршамдар сондай- ақ полиция қызметкерлері реттейді.
Әрбір бала тосын жағдайда шақыратын төрт телефон нөмірін білуге тиіс:
01- өрт қызметі
02- полиция
03- жедел медициналық көмек
04- газ қызметі
Тәрбиешінің міндеттері
Балалардың тәрбиесін өмір қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.
Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.
Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәрьібін орындауды ұйымдастырады.
Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |