Жазғы лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Судағы қауіпсіздік:
- Арнайы жабдықталған суаттарда дем алу және шомылу.
- Суға құлап кету ықтимал жерде тұруға және ойнауға болмайды.
- Жүзу білмей суға жағалаудан алыс түсуге болмайды.
- Таныс емес жерлерде сүңгімеу керек, өйткені оның түбінде қауіпсіз заттар болуы мүмкін.
- Жүзе алмайтындар қалқымамен жүзбеуге тиіс.
- Әрбір бала ересектердің көмегімен жүзуді үйренуі тиіс, алайда балаларды суда ешбір қараусыз қалдыруға болмайды.
- Суға батып бара жатқан ең алғашқы істейтін шара- төңіректегілердің назарын «адам батып барады!» деп айғайлау арқылы аудару. Батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылатын ересектер әрқашан табылады. Адамды кез келген құтқару құралының көмегімен аман алып қалудың оңай екендігін есте ұстаған жөн. Ол су бетінде қалқып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жеткізетін кез келген зат болуы мүмкін.
Көшедегі қауіпсіздік.
Көшелер мен жолдардың элементтері.
Көшелер мен жолдардың элементтеріне мына түсініктер жатады: жол, өтетін бөлік , ажырату жиегі, қозғалыс алабы, қиылыс, аяқжол, жүргіншілер сүрлеуі, жүргіншілер өткелі, темір жол өткелі.
Жол- көлік пен жүргіншілер қозғалысы үшін пайдалынатын кез келген көше, даңғыл, тыйым көшелер т.б.
Өтетін бөлік- көлік құралдарының қозғалысына арналған. Жолдың бірнеше өтетін бөлігі болуы мүмкін, олардың шекарасы ажырату бөлігі болып табылады.
Ажырату жиегі- аралас өтетін бөлікті ажырататын және көлік құралдарының қозғалысына немесе аялдамасына арналмаған жол элементі.
Қозғалыс алабы- таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және көліктердің бір қатарда қозғалуы үшін жеткілікті ені бар өтетін жолдың кез келген ұзын алабы.
Түйіспе- қиылысатын , қосылатын жер немесе жолдың бір бағытта тармақталуы, өтетін бөлікті оның қарсы беттегі жалғасымен қосады, жорамал сызықтармен шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |