Реферат тақырыбы: «Жазу және жазба тілі»


АЛФАВИТ. ГРАФИКА. ОРФОГРАФИЯ



бет6/7
Дата27.03.2022
өлшемі266,5 Kb.
#136970
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат та ырыбы «Жазу ж не жазба тілі»

АЛФАВИТ. ГРАФИКА. ОРФОГРАФИЯ
Әдетте, сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.
Ал графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесіп белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л. В. Щерба графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.
Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі — тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графика белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бұл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны өз ара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тұмауға тиіс. Графиканың транскрипциядан айырмашылығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстық құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді. Алфавиттегі әріптер транскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстан жіңішке дауыссыз дыбыс қосымша таңба — жіңішкерткіш белгі (ь) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35 дауыссыз фонема бар. Ал егер әрбір фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргі алфавитінің құрамында бар әріптердін, үстіне палаталь дауыссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қосылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавитінің құрамындағы әріптердің саның жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңішкерткіш белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін төрт әріпті (жіңішке дауыссыздан кейін келген е, о, и, а фонемаларын белгілейтін е, ё, ю, я әріптері) енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып, соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам және қолайлы алфавит бола алды. Әдетте, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдылығымен ұтымды болады. Ықшамдылықтың да орынды, орынсыз болатыны бар. Алфавиттегі әріптердің саны ықшам, жинақы болсын дегенге сүйеніп, кез келген әр түрлі фонемаларды бір ғана әріппен таңбалай беруге болмайды. Бұлай ету жазуды да, оқуды да күрделендіріп ауырлата түседі. Өте ұқсас фонемаларды, емле мен оқыту ісіне залалы тимейтін болса ғана, бір әріппен таңбалауға болады.
Кейде фонемалардың тіркесін бір ғана әріппен таңбалауға тура келеді. Мысалы я, ю, е әріптері орыс тілінде сөз басында, дауысты дыбыстан және ъ, ь әріптерінен кейін йа, йу, йе дыбыстарының (фонемаларының) тіркесінің таңбалары ретінде жұмсалады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет