Және де осы секілді мен өз жеке өмірлік жоспарымды құрдым:
.
Менің өмірлік жоспарым
Әр адам қызмет саласында болсын, жеке өмірлік салада болсын өз алдына өмірлік мақсатын қояды. Және бұл мақсаттар күрделілігіне қарай әр түрлі мерзімде орындалуы мүмкін. Мен өз өмірлік жоспарымды, мақсаттарымды екі бөлікке бөлемін. Олар жеке өмір саласында және қызмет немесе мансап саласы деп бөліп қарастырамын. Бірақ екі бөлікке бөлгенмен де екеуі өзара байланысты және бір-бірімен байланысып қана жүзеге асады.
Өмірлік жоспарымның бірінші бөлігі – жеке бас, отбасылық жоспарым.
Мен отбасымда ата-анамның әлпештеген қызы, бауырларымның сүйікті әпкесі, ата-әжелерімнің сүйкімді немересімін. Ал, осы болашақтағы өмірлік жоспарым немесе мақсатым ол:
Ата-ана алдындағы баланың парызын орындау, яғни, анамды Меккеге апару, шетелдерге қыдырту, әлемнің жеті кереметін көрсету.
Бауырларымның алдында әпкенің парызын орындау, яғни оларды
оқыту, білім беру, жоғары оқу орнына түсіру.
Өмірден өз орнымды табу. Өмірден өз орнымды табу дегеніміз – әр
қыз бала ана болу үшін жаратылған, менде өмірлік серігімді тауып, аяулы жар, сүйікті келін, ардақты ана болуды қалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |