Оқушының іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушы-оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін құптаушы.
Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші.
Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:
1. Демонстрациялық жобалау;
2. Зерттеушілік жобалау;
3. Шығармашылық жобалау;
4. Рольді – ойындық жобалау;
5. Ақпараттық жобалау;
6. Үйретуші жобалау;
7. Моножобалау;
8. Пәнаралық жобалау;
9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;
10. Қысқа мерзімді жобалау;
11. Ойын жобалауы [2].
Жобалаудың құрылымы:
- нақты нәтиже шығару жобасы;
- нақты мәселенің талдауы;
- нақты уақыт белгілеу;
- жұмыс жүргізу жобасы;
- нәтиже шығару
Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығулығына қарай таңдалуы мүмкін.
1-кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.
2- кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.
3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.
4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы
Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде сөйлейді. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді. Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды,мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.
Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді. Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.
Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:
- жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;
- оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;
- жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;
- жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады;
- жобаны қорғау кезінде оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.
Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді. Бұл әдіс- келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат жинау, шыққан нәтижені бейнелеп төсіндіру, өз зерттеу жұмысын қорғау дағдысын қалыптастырады. Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі — бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған. Теориялық тұрғыдан жобалау — белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады. Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.
Достарыңызбен бөлісу: |