Реферат Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесінің ауруларында қарттарға мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру Дайындаған: Нурлыбекова А. Н



бет3/4
Дата18.04.2023
өлшемі120,33 Kb.
#174777
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
жүрек қантамыр Нурлыбекова

ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: қан қысымының корсеткіштерің анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
Қолдану көрсеткіштері: науқастың жағдайын бағалау.
Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады
Әзірлеңіз: тонометрді, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа манипуляцияның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.
2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2
рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.
3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады: манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.
4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.
5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).
6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.
7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.
8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.
9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.
10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).
11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.
12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.
13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.
Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.
· қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.
· артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.
· артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
Макатэктомия болған жағынан,егер қол сал тартқан не инсульттан кейін әлсіз болса, сол сияқты осы жақтан көк тамырлық инфузия орындалған болса артериальды қан қысымын осы жақтан өлшенбеуі керек.
Су балансын анықтау және есептеу
Көрсеткіші: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Әзірлеңіз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.
2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.
6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.
8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.
9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз. 10. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
11. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
12. Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет