Атырау жоғары медицина колледжі
Реферат
Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесінің ауруларында қарттарға мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
Дайындаған:Нурлыбекова А.Н
2023 ж.
1.Жүрек – қантамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі клиникалық көріністері:
1. Ентігу (ұстама түрде, үнемі);
2. Естен тану;
3. Жүрек шаншуы;
4. Асцит
5. Артериалды қан қысымның күрт төмендеуі.
6. Қан қысымның күрт жоғарлауы;
7. Демікпе;
8. Ісіктердің болуы
Ентігу: тыныс алу жиілігі ырғағының және терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.
мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау
2.Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату
3.Пациентке Фаулер қалпын орнату (бас жағын 45 град, көтеріп қою)
4. Палатаны күніне 3-4 рет желдетуді қамтамасыз ету
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1. Дәрігердің белгілеуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз етіңіз;
2.Әр 2 сағат сайын пациенттің тыныс алу жағдайын
(жиілігі, ырғағы, тереңділігі), жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалау
3.Дәрілік препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдауды бақылаңыз;
4.Пациентті тыныс алуды жеңілдету тәсілдеріне үйрету (төсектегі қалпы, оттегі жастығын қолдану)
5.Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі туралы туысқандарымен кеңес жүргізу
Естен тану – аз уақытқа кенеттен ес түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы әсерінен дами-ды. Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта қалпына келуі байқалады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. Дәрігер шақыртамыз.
2. Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;
3. Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;
4. Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;
5. Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;
6. Науқастың бетін шапалақтаңыз;
7. Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;
8. Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз, тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1. Дәрігердің нұсқауымен тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2 мл кофеин
Жүрек шаншуы - коронарлық артерия арқылы жүрекке құйылатан қан мен жүрек бұл-шық еттерінің қажетсінуі арасында уақытша сәйкестік болмауынан яғни коронарлық қан айналымының жеткіліксіздігінен болады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. дәрігерді дереу шақырту;
2. науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
3. физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету;
4. таза ауамен қамтамасыз ету;
5. валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) беру.
6. жүрек тұсына қыша қою;
Тәуелді кірісулер:
1. дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік заттарды енгізу.
2. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.
сцит - іш қуысында сұйықтықтың жиналуы.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. тұз бен сұйықтықты шектеумен калий және уызға бай диета сақтау қажеттілігін науқастарға
түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн;
2. науқастың күнделікті су тепе-теңдігін анықтауды қамтамасыз ету;
3. науқасқа төсек жайлылығын қамтамасыз ету;
А) төсекте бас жағын көтеріңкі ету;
Ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;
6. физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауларбойынша қою. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету;
7. науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылауды қамтамасыз ету;
Тәуелді кірісулер:
1. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрімектерді беру және енгізу.
2. дәрігердің нұсқауы бойынша науқасты және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау;
Артериялық қысымның күрт төмендеуі.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. дәрігерді дереу шақырту;
2. жастықсыз, аяқ жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты ұстау;
3. науқасты жылыту (жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе беру);
4. таза ауа жіберу немесе ылғалды оттегі ингаляциясын жасау;
5. манжетті алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ-мен пульсті бақылау.
Тәуелді кірісулер:
1. дәрігердің нұсқауын орындау.
Артериялық қысымның күрт жоғарылауы.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. дәрігерді дереу шақырту;
2. бас жоғары көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
3. физикалықжәне психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
4. таза ауа жіберу;
5. желкеге және балтырға қыша қою;
6. маңдайға суық компресс қою;
7. қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;
Тәуелді кірісулер:
1. дәрігердің нұсқауымен дәрілік заттарды енгізу.
2. науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).
Демікпе - жүрек жетіспеушілігінің белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып,демікпе тудырады.
Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде байқалады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. Дәрігерді дереу шақыру;
2. Науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіру;
3. Таза ауамен қамтамасыз ету;
4. Мүмкін болса оттегімен дем алдыру;
Тәуелді кірісулер:
1. Дәрігердің нұсқауымен 1 мл 1% морфин гидролхлоридін тері астына немесе тамыр
ішіне енгізу;
2. Зәр айдайтын препараттарды (40-200 мг фуросемид) беру;
Ісік - жүрек шамасыздағының,оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең бастысы-қан іркілісінен туатын капллярдың вена жақ тізесінде науқастардын терісі қажалып, жараға айналуы мұмкін.Ондай жағдайды гидростатикалық қысымының көтерілуі болады. Соның салдарынан қанның сары суының айналадағы тканьдерге транссудациясы (көшуі) басталады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1. тұзды (5 г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және уызға бай диетаны сақтау қажеттілігін науқасқа түсіндіру;
2. № 10 емдік үстел бойынша диета сактауды науқасқа қамтамасыз ету (науқаспен, туған-туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету күні;
3. науқас ішетін күнделікті су тепе-тендігін анықтау;
4. үш күнде 1 рет науқасты өлшеу;
5. тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету;
6. науқастың физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету;
7. зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.
Тәуелді кірісулер:
Дәрігердің нұсқауымен дәрілік препараттарды беру.
Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс
Мейірбикелік үрдіс 5 кезеңнен тұрады:
1. Науқасты тексеру (әңгімелесу, сенімді байланыс орнату, негізгі шағымдары, объективті симптомдар)
2. Басты мәселені белгілеу (мейіргерлік диагноз);
3. Мейіргелік қатысуын жоспарлау;
4. Жоспарды жүзеге асыру;
5. Мейіргерлік көмектің нәтижесін бағалау.
Бірінші кезең науқасты тексеру, ақпарат жинау
Анамнез жинау
1. Науқастың денсау-лығына байланыс-ты мәселелер та-рихы
2. Әлеуметтік мәлі-меттер
3. Даму тарихы (ба-лаларда)
4. Рухани мәліметтер
5. Психологиялық мәліметтер
Лабораториялық зерттеулері:
1. Қанның жалпы ана-лизі
2. Зәрдің жалпы анали-зы
3. Қанның биохимия-лық зерттеуі
4. Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және т.б.
Физикалық тексеру
1. Перкуссия
2. Пальпация
3. Аускультация
4. АҚ өлшеу
5. Пульс жиілігін санау
6. Дене температура-сын өлшеу және т.б.
м
Науқас туралы мәліметтер базасы (мейіргерлік ауру тарихы)
Бірінші кезең- науқасты тексеру, ақпарат жинау
Тексеру мақсаты
Науқас туралы ақпарат жинау, негіздеу және науқас туралы ақпараттық база құру.
Жүрек қан тамыр жүйесі мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.
Жүрек қан тамыр ауруларының диагностикасы мен дұрыс емдеу стратегиясын таңдауда дәрігер барлық уақытта байқай алмайтын, науқаста әрдайым көріне бермейтін белгілі симптомдардың анықталуына байланысты. Мұндай жағдайда мейіргердің рөлі көрнекті жоғарылайды.
Мейіргер науқасты әртүрлі зерттеуге дайындауға тікелей қатысады. Мейіргердің міндетіне медициналық құжаттарды толтыру, науқасты зерттеу жасау орнына апарулар кіреді.
Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастарда келесі мәселелер болуы мүмкін:
- орынды тамақтану қағидасын білмеушілік.
- үйлесімді тамақтану қағидасын білмеушілік.
- диеталық тамақтану қағидасын білмеушілік.
- өздігінен тамақ немесе сұйықтық қабылдай алмаушылық
- нәжіс немесе зәрді ұстай алмай қалудан қорқушылық
- зәр және нәжіс жинау аспабын қолдануға байланысты ыңғайсыздық
- ойылу даму мүмкіндігі
Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдары
ЖҚЖ мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.
Жүрек аймағының ауырсыну синдромы.
- орналасуы: төс сүйегінің артында;
- пайда болу себебі: физикалық жүктеме, немесе стресс;
- ұзақтығы: стенокардияда бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін созылады, ал МИ ұзаққа созылады;
- сипаты: шаншып, күйдіріп, басып ауырады;
- таралуы: сол жақ иыққа, мойынға кейде ішке таралдаы. Қолқа қабаты жыртылғанда қолқаны бойлап кеуде омыртқасына таралады;
- баылуы: стенокардияда нитроглицерин бергеннен кейін немесе дем алғаннан кейін басылады, ал МИ тек ауру басатын дәрілерден кейін басылады.
Науқастарға сұрақ қою арқылы анамнез жинау (anamnesis morbi, vitae):
- Сіз алғашқы рет жүректің ауырсынуын қашан сездіңіз?
-Ауырсынудыңсипаты қандай болды: ұстама түрде әлде жай, қалай ауырды: қақсайтын, тесетін?
-Ауырсынудың пайда болуына не әсер етеді,(жаяу жүру, күйзеліс, физикалық күш түскенде) басталуын сіз немен байланыстырасыз?
-Сіз нитроглицерин қолданасыз ба? Одан қандай нәтиже?
- Сіз тыныштық, жүру, физикалық күш түскенде ентігесіз бе?
-Тәулігіне сіз қанша сұйықтық қабылдайсыз?
-Соңғы кезде сіз ішіңіздің, жалпы салмағыңыздың ұлғаюын байқадыңыз ба?
-Кешке аяқ- киім тығыз болмайма, аяғыңыз ісінбейді ме?
-Бас ауруына қандай жағдайлар әсер етеді (күйзеліс, физикалық ауырлық, кітап оқу және т.б.)
-Сіз қан қысымыңызды бақылайсыз ба? АҚ кім өлшейді? Өзіңіз бе?Мейіргер ма? Жанұя мүшелері ма?
-Сіз медициналық, кардиолог- дәрігердің көмектерін жиі талап етесіз бе?
-Туысқандардың ішінде осы аурумен біреу ауыра ма?
Қауіп факторларын анықтау, оларға жатады:
-Шылым шегу
-Ішімдікке салыну
-Аз қимылды өмір салты
-Жиі күйзелістік жағдайлар
-Көп мөлшерде май қабылдау
-Артық салмақ
-Жасы
-Ер адамдар
-АҚ жоғарлауы
Екінші кезең Науқастың мәселелері
Мейіргерлік диагноз
Екіншілік
Аралық
Біріншілік
Екіншілік
Аралық
Біріншілік
Болашақта болуы мүмкін мәселелері
Қазіргі мәселелері
Екінші кезең мейіргерлік мәселелерді анықтау, диагноз қою
Қазіргі физиологиялық диагноздан басқа қашанда потенцияльды диагнозы болу керек: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек тұсының шаншуы – стенокардия, МИ; ентігу – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің көрінісі.
Физиологиялық диагноздан басқа мейірбике науқаста рухани-психологиялық және қоғамдық мәселелердің бар жоқтығын анықтау керек (жолдастарының мәселесі) бейімделу мәселесі, аурумен байланысы (жүрек тұсы ауырсынуында – қорқыныш, қайталай дертінің қозуын тудыруы мүмкін), жұмысқа қабілеті төмендеумен, өлімнен қорқу …
Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек:
· жүрек аймағының ауырсынуы
· ентігу
· жөтел
· жүрек қағу
· ісіну
· бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу.
Бұдан басқа рухани, психологиялық, қоғамдық мәселелерін анықтау керек.
Рухани, психологиялық және әлеуметтік мәселелер
-бейімделу мәселе
-аурудың созылмалы сипаты
-Ауа жұту қажеттілігінің бұзылуы
Ескерту! Әр жағдайда мейіргер әр мәселенің маңыздылық дәрежесін анықтайды
Приоритетті мәселелер: жүрек ауырсынуы (жедел коронарлы синдромы – ишемия: стенокардия, жүрек- бұлшық етіндегі некрозы- миокард инфарктісі) және АҚ- ның күрт жоғарлауы – гипертониялық криз, асқынуы –инсульт, АҚ күрт төмендеп кету- коллапс
Науқастың барлық мәселелерінің арасынан мейірбике науқаспен келісе отырып, алғашқы күтім жоспарын таңдауы керек.
Потенциалді-болашақта болуы мүмкін мәселелер:
-өмірге төнетін дәріжелі қауіп
-жұмысқа қабілеттіктік төмендеуімен байланысты бейімделу мәселесі
-тұншығу
-жүрек ұстамасының қайталану қорқынышпен байланысты үрей
Жазбаша күтім жөніндегі нұсқаулық
Мейіргерлік практиканың стандарттары
Мақсат қою:
1. Қысқа мерзімді
2. Ұзақ мерзімді
Науқастың және оның отбасының қатысуы
Үшінші кезең Күтім жоспары
Үшінші кезең мейіргелік қатысуын жоспарлау
Мейіргердің мақсаты: мейіргерлік күтім мақсаттарын қою және пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке күтім жоспарын құрастыру, мерзімін анықтау
1.Мүмкін қойылатын мақсаттардың мысалдарын келтіре білу
Мейіргер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсат қояды.
Мысалдар:
-пациенттің АҚ деңгейін екінші тәуліктің соңына қалпына келтіру
-пациенттің жүрек ауырсынуының аптаның соңына дейін азаюын белгілейді (бөлек уақытымен)
-пациентті ауруханадан шығарылу кезінде өз ауруның фактісіне психологиялық түрде бейімделген болады (бөлек уақытпен)
-Мейіргерлік стандарттарын қолдана отырып, бөлек мейіргерлік көмек жоспарын құрастыру
Нақты жағдай бойынша жеке жоспарды қурастыру. Мысалы: №1 қосымшаға сәйкес стандартты пайдаланып, нақты жағдай бойынша күтімнің жеке жоспарын қурастыру.
Науқастың көмек алудағы қажеттіліктері:
1. Уақытша
2. Тұрақты
3. Оңалту (реабилитация)
Күтім әдістері:
1. Емдік мақсаттарға жету
2. Хирургиялық мақсаттарға жету
3. Күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету
Санаты:
3. Тәуелсіз
4. Тәуелді
5. Өзара тәуелді
Төртінші кезең Жоспарды жүзеге асыру
Қойылған мақсатты орындау
Төртінші кезең- жүзеге асыру
1.Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуына барлық манипуляцияларды орындау (дәрігер нұсқау бойынша-симптоматикалық ем) :
2.Күтім бойынша жоспарда белгіленген шараларды мейіргер тәжірибеде іске асырады.
3. Артериалық қан қысымды өлшеп тұру және пульсті санау
4.Тыныс алу жиілігін санау
5. Тәуліктік диурезді анықтау
6. Оттегімен қамтамасыз ету
7. Абдоминалді пункцияға дайындау, оны орындау
8. Дәрілерді инъекция арқылы енгізу
Қамқорлық көмек көрсету:
Пациентке және оның туысқандарына қажетті кеңес беру, оларды күтім элементтеріне үйрету сияқты нақтылық, күтім жоспарын жүзеге асыруда маңызды орын алады
Мейіргердің іс-әрекетін басшының бағалауы (бас немесе аға мейіргермен)
Қойылған мақсатты орындау
Бесінші кезең Мейіргерлік үрдістің тиімділігі (нәтижесі)
Науқастың немесе оның отбасының пікірі
Мейіргердің іс-әрекетін бағалау (өз-өзін)
Бесінші кезең- күтімнің нәтижесін бағалау
Мейіргерлік күтімнің нәтижесін бағалай білу (алдында қойылған мақсатқа жету). Өзіміздің жұмысымызға баға қою.
Мысалдар:
60 жастағы пациент тісін емдеуге стоматологқа көрінді. Пациент сөзінен тіс дәрігерге ұзақ жиналған, себебі тіс емдеуден қорқады. Емнен кейін шығып, өзін нашар сезінді: жүрек тұсының ауырсынуына және күюіне, оның сол қолға берілуіне, бозғылттыққа, терлегіштікке шағымданды. Осындай ауырсынулар, осыдан 1 апта бұрын, күйзелістен кейін пайда болғанын айтады.
Басым казіргі мәселе: 30 минут бойы жүрек тұсындағы ауырсыну
I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең- жүрек тұсының ауырсынуы, қорқыныш сезімі
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- жүрек тұсындағы ауырсынуды дер кезінде азайту.
Ұзақ мерзімді-ауру ұстамаларын болдырмау.
IV кезең-мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге дер кезінде хабарлау
2. Тыныс алуына кедергі жасайтын қысып тұратын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету
3.Науқасқа Фаулер қалпын орнату- жартылай жатқызу (бас жағын 45 град, көтеріп қою)
4.Физикалық және психикалық тыныштықты орнату
5. АҚ және пульсті тексеру
6.Жүрек тұсына және төске қыша қою
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1.Нитроглицеринді беру- тіл астына 1 таблетка және 30-40 тамшы корвалол немесе валокордин ауыз арқылы. Егер ауырсыну басылмаса, осы дәрілерді қабылдауды қайталау, әр 15 минут сайын дәріні сорғызу
2.Ауырсыну азаймаса ЭКГ түсіру, аспирин таблеткасын беру, госпитализация жасау
Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі туралы- туысқандарымен кеңес жүргізу
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау, күтім мақсаттарына жетуді анықтау, қажет болса мейіргерлік көмекке коррекция жүргізу
Мейіргерлік үрдістің картасы
Пациент-тің казіргі мәселесі
|
Мейіргер-лік кірісулер-дің мақсаттары
|
Мейіргерлік кірісулердің жоспары
|
Мейіргерлік күтім жоспарын орындалуы немесе жүзеге асырылуы
|
Мейіргер-лік көмектің нәтижесін бағалау
|
|
|
тәуелсіз
|
тәуелді
|
Қам-қорлық
|
|
|
Жүрек
шаншуы
|
Жүрек тұсындағы ауырсынуын дер кезінде азайту
|
1.Дәрігерге дер кезінде хабарлау 2. Тыныс алуына кедергі жасайтын қысып тұратын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету 3.Пациентке Фаулер қалпын орнату- жартылай жатқызу (бас жағын 45 град, көтеріп қою) 4.Физикалық және психикалық тыныштықты орнату 5. АҚ және пульсті анықтау, дәрігерге хабарлау 5.Жүрек тұсына және төске қыша қою
|
1.Нитроглицеринді беру- тіл астына 1 таблетка және 30-40 тамшы корвалол немесе валокордин ауыз арқылы. Егер ауырсыну басылмаса, осы дәрілерді қабылдауды қайталау, әр 15 минут сайын дәріні сорғызу 2.Ауырсыну азаймаса ЭКГ түсіру, аспирин таблеткасын беру, госпитализация жасау Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі туралы- туысқандарымен кеңес жүргізу.
|
|
Іске асыру
|
Жүрек тұсындағы ауырсыну басылды
|
Мысалдар:
1) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең: ентігу
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- пациент тыныс алуын жақсарту
Ұзақ мерзімді- тыныштықпен қамтамасыз ету, ентігуді болдырмау
IV кезең мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау
2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату
3.Пациентке Фаулер қалпын орнату (бас жағын 45 град, көтеріп қою)
4. Палатаны күніне 3-4 рет желдетуді қамтамасыз ету
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1.Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз ету
2.Әр 2 сағат сайын пациенттің тыныс алу жағдайын (жиілігі, ырғағы, тереңділігі), жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалау
3.Дәрілік препараттарды беру
4.Пациентті тыныс алуды жеңілдету тәсілдеріне үйрету (төсектегі қалпы, оттегі жастығын қолдану)
5.Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі туралы- туысқандарымен кеңес жүргізу
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау
Оң нәтиже: ентігу азайды, басылды деп мейіргерлік картасына белгілеу керек.
Егер теріс нәтиже болғанда (қателескенде): дәрігер мен бірге бірінші кезеңнен бастап қайтадан ақпараты жинап, қосымша зерттеулерді және басқа ем тағайындау қажет.
2)I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең: естен тану
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- пациенттің есін 5 минут ішінде қалпына келтіру
IV кезең- мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау
2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету
3. Бетіне және кеудесіне салқын су шашу
4.Пациентке Тренделленбург қалпын орнату- тегіз жерге жастықсыз жатқызу (аяқ жағын 30 град, көтеріп қою)
5.Мүсәтір спиртке малынған тампонды мұрнына жақындатып иіскету және сол тампон мен самайын сүрту
6. Науқастың бетін шапалақтау
7.Аяқтарына жылытқыш қою, көрпемен жылы орау, физикалық және психикалық тыныштықты орнату
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1.Егер 5 миуттың шамасында осы қолданылған шаралар нәтижесіз болса,дәрігердің нұсқауы бойынша 2мл кордиамин немесе 1мл10%кофеин ертіндісін жіберіңіз;
жоспарды іске асыру
Манипуляцияларды міндетті түрде орындау
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау;
3) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең: артериялық қысымның күрт төмендеуі
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- АҚ біртіндеп жоғарлату.
IV кезең мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау, АҚ өлшеу
2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету, физикалық және психикалық тыныштықты орнату
3. Пациентке Тренделленбург қалпын орнату- тегіз жерге жатқызу (аяқ жағын 30 град, көтеріп қою)
4. Аяқтарына жылытқыш қою, көрпемен жылы орау, ыстық шай немесе кофе беру
5. Тонометрдің манжеттің алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ –мен пульсті бақылау
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1.Егер осы шаралар нәтижесіз болса,дәрігердің нұсқауы бойынша 2мл кордиамин немесе 1мл 10%кофеин ертіндісін тері астына жіберіңіз.
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау
4) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең: артериялық қысымның күрт жоғарлауы
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- АҚ біртіндеп төмендету.
IV кезең- Жоспарды құру-мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау, АҚ өлшеу
2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету, физикалық және психикалық тыныштықты орнату
3. Пациентке Фаулер қалпын орнату- жатқызу, бас жағына екі жастықты қою (бас жағын 45 град, көтеріп қою)
4. Желкеге және балтырға қыша қою
5. Маңдайға суық компресс қою
6.Қолдарға жылы ванна, аяқтарына жылтқыш қою
5. Тонометрдің манжеттің алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ –мен пульсті бақылау
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
Дәрілерді дайындаңыз: см выше и исправь синее
1.Каптоприл тіл астына немесе ауыз арқылы
2.Нифидипин
3.Изокет спрейді себу см выше
4. Магний сульфат 25%- 10 мл. көк тамырға
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау.
5) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру.
II кезең: жұрек демікпесі
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- 20-30 минут ішінде тұншығуды тоқтату
IV кезең- Жоспарды құру-мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дер кезінде дәрігерге хабарлау
2. Тыныс алуына кедергі жасайтын қысып тұрған киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету, физикалық және психикалық тыныштықты орнату
3. Пациентке Фаулер қалпын орнату- жатқызу, бас жағына екі жастықты қою (бас жағын 45 град, көтеріп қою)
4. Аяғын төмен түсіріп тірегішті қою, жүректің бұлшық етінің жұмысын жақсарту, өкпенің қанға ұйылуын азайту үшін.
5.Ауыз қуысын тазалау
6.Ылғандандырылған оттегіні беру
7.Қолдарға жылы ванна, аяқтарына жылтқыш қою
8.Дәрілерді дайындап қою
9. Пациенттің жағдайын қадағалап отыру
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
Дәрілерді дайындаңыз:
1. Тіл астына 1 табл. нитроглицеринді беру
2.Қолына, санына 10-15 минут аралығынан резенке бұрауды салу
3. Өкпе ісігін, көпіршікті басу үшін Бобров апаратына 10 % антифомсилан немесе 70 % этил спирт ер-сін құю- оксигенотерапияны жасау (О2 )
4.300-400 мл көк тамырдан қан шығару
5.1 % дроперидол ер- сін, 1% 20 мл. супрастин енгізу
6. Егер қан қысымы жоғарлап кетсе 5% пентамин- 1 мл.; 2,4 % -10 мл. эуфиллин баяу көк тамырға енгізу
7. Пациентті реанимацияға тасымалдау
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау.
6) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру.
II кезең: шеткі ісінулер
III кезең: Мақсатты қою
Қысқа мерзімді-1 аптаның ішінде- ісіктерді қайтару, салмағын төмендету.
Ұзақ мерзімді- стационардан шығару алдында пациентке тамақтану жайлы, сұйықтық ішу тәртібі туралы кеңес беру
IV кезең-мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау, салмағын өлшеу, балтырына екі саусағымен басып көру
2. Пациентке және оның туыстарына № 10 емдәм туралы түсіндіру- тәулігіне ас тұзды шектеу (5 грамм) және сұйықтықты шектеу (800 мл.), калийге бай тағамдарды қабылдау. Аптасына 1 рет – жеңілдету диета
3. Қабылдаған тағамдарын қадағалап отыру
4. Пациенттің терісін, шырышты қабаттардың күтімін қамтамасыз ету
5.Су балансын, тәуліктегі зәрін өлшеп қадағалап отыру
6. Тәуліктік диурезді қатаң қадағалап отыру
7. Пациенттің салмағын 3 күнде 1 рет өлшеп отыру
8. Пациенттің жағдайын өлшеп отыру
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
Дәрілерді дайындаңыз:
1.Ісікке қарсы дәрілерді беру: зәр айдайтын
2. Дәрілерді қабылдауын қамтамассыз ету
3. Зәр қабылдағышпен міндетті түрде қамтамасыз ету
4. Іш қатуда- клизма жасау
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау.
7) I кезең- анамнез жинау, физикалық тексеру
II кезең: асцит
3 кезең Мақсатты қою
Қысқа мерзімді- пациентің жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Пациентке тамақтану маңыздылығын, сұйықтықты қабылдау тәртіп сипаты туралы кеңес беру.
IV кезең- мейіргерлік кірісулер (тәуелсіз).
1.Дәрігерге хабарлау, салмағын өлшеу, балтырына екі саусағымен басып көру
2. Пациентке және оның туыстарына № 10 емдәм туралы түсіндіру- тәулігіне ас тұзды шектеу (5 грамм) және сұйықтықты шектеу (800 мл.), калийге бай тағамдарды қабылдау. Аптасына 1 рет – жеңілдету диета
3. Қабылдаған тағамдарын қадағалап отыру
4. Пациенттің терісін, шырышты қабаттардың күтімін қамтамасыз ету
5.Су балансын, тәуліктегі зәрін өлшеп қадағалап отыру
6. Тәуліктік диурезді қатаң қадағалап отыру
7. Пациенттің салмағын 3 күнде 1 рет өлшеп отыру
8. Пациенттің жағдайын өлшеп отыру
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті және аспаптарды абдоминалді пункцияға дайындау
жоспарды іске асыру
Манипуляцияларды міндетті түрде орындау
V кезең- мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |