Орындаған: Нұрмахан А. Б.
Тобы: В-ЖМҚА-02-21
Қабылдаған: Азимбаева С. Н.
Презентация «Қалыпты және патологиялық физиология»кафедрасы
Шымкент 2022ж
Тақырыбы: Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі.
Сезімдік жүйелер организімнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.
Сезім мүшелерінің қабылдағыштарында тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Әрбір талдағыштың іс-әрекеті оның қабылдағыштарында сыртқы түрткілердің физикалық және химиялық әсерін түйсіне өтеді. Олар қозу толқындарына айналып,әртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың тізбектері арқылы миға жетеді.
1.1. Сезімдік жүйелер
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.
1.2. Талдағыштар бөлімдері 3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері)
афференттік сигналдарды талдап құрастыру
2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар, қыртысасты орталықтары)
ақпараттарды рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу
1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі
түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау.