Саяси жүйенің жұмыс істеу механизмі



Дата29.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#115909
Байланысты:
№6 Тәжірибе

Саяси жүйенің жұмыс істеу механизмі.

Орындаған: Сарбек Аида

Тобы: ЮП-19/3


Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық,авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

- Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы. - Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер. - Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader) - мемлекеттің, саяси партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.

Саяси режим, саяси тәртігі (lang-en|political regime}}) Экономикалық жә не мемлекеттік билікті (демократия,тоталитаризм, авторитаризм және т.б.) жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарынын жиынтығы.



Саяси қатер, саяси тәуекелдік(ағылш.political rick) Әскери әрекеттер, ұлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.

Саяси баспана (ағылш. political asylum) Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі. Азаматтық алған және немесе тұрып жатқан елде қоғамдық-саяси қызметі, нәсілі немесе ұлты, діни нанымдары үшін қудалаудан немесе қудалаудың құрбаны болудын шын қаупінен баспана іздеуші немесе қорғауды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық құқықтын нормаларында көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайда тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси баспана беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет