Реферат Тақырыбы: Керамикалық қабырғалық бұйымдар Курс: I группа: см-20-8кс



бет3/4
Дата23.04.2022
өлшемі44,24 Kb.
#140574
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық қабырғалық бұйымдар

2.Керамикалық кірпіштер

Жартылай құрғақтай престелген сазды кірпіш – көп қолданысқа ие қабырғалы керамикалық материалдардың бірі. Көбіне заводтар кірпішпен бірге тиімді және өлшемдері ірі келетін тастар, беттік (лицевые) кірпіш пен тастар шығарады. Кірпіштер мен тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземдық жыныстардан (трепел, диатомит), көмір өндірісінің қалдықтарынан, сонымен қатар күлдердерден, минералдық және органикалық қоспалардан (оларды қоспауы да мүмкін) дайындайды. Кірпішті толық денелі немесе қуыс денелі етіп шығарады, ал тастарды тек қуыс денелі түрінде шығарады.


Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне байланысты төменде көрсетілген түрлерге бөлінеді.


Бұйымның түрлері Ұзындығы Ені Қалыңдығы


Кірпіш 250 120 65
Кірпіш қалыңдатылған 250 120 88
Модульді өлшемді кірпіш 288 138 63
Тас 250 120 138
Модульді өлшемді тас 288 138 138
Іріленген тас 250 250 138
Қуыстары горизонталь орналасқан тастар 250 250 120

Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:


• тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді.Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес тастар жатады;
• қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кг/м3 жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кг/м3 –ге дейінгі тастар;
• тығыздығы 1600 кг/м3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;
Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.
Талаптар:
Кірпіштер мен тастар стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек және дайындалуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі қажет.
Кірпіш пен тастардың қысқандағы және игендегі беріктік шегі 1.2.1. кестеде берілгеннен аз болмауы керек.
Қарапайым кірпіштің пішіні параллелепипед тәріздес, тік қабырғалы және бұрышты, беткі жағы тегіс және өлшемдері 250×120×65 немесе 250×120×88 болуы қажет. Беткі жағы бұдыр болуы да мүмкін. Радиусы 15мм -ге дейін дөңгелектелінген бұрышты кірпіш пен тастарды өндіруге рұқсат етіледі.кірпіштер мен тастардағы қуыстар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасу керек және олар түбіне дейін тесік (сквозные) не тек ойық болуы мүмкін. Түбіне дейін тесік цилиндрлік қуыстардың диаметрі 16 мм-ден артық болмауы керек, ал ойық қуыстардың диаметрі – 12 мм-ден артық болмауы керек. Диаметр несквозных пустот не регламентируется. Размер горизонтальных пустот не регламентируется. Сыртқы қабырға кірпіштері мен тастарының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.
Қабырғалары мен шекараларының түзу болмауы, мм, артық емес:
• жазықтығынан 4
• жанынан 6
Кірпіштің аяғына дейін күйдірілмеуі және күйіп кетуі жарамсыз болып табылады, ондай бұйымдарды тұтынушыға ұсынуға болмайды.
Әктік қоспалар сынақтан өткізгеннен кейін бұйымдардың бетінде жарықшақтардың пайда болуына әкеледі, сондықтан кірпіш бетіндегі жарықшақ ұзындығы 5-10 мм-ден болатын саны үштен артық болмауы керек.
Тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіштер мен тастардың су жұтымдылығы толық денелі кірпіштер үшін 8% аз болмауы керек, ал қуыс денелі бұйымдар үшін – 6% кем емес.
Сумен қаныққан күйдегі кірпіштер мен тастар қандай да болмасын ақауларсыз (жарықшақтың пайда болуы, үгітілуі, түсінің өзгеруі) аязға төзімділігі бойынша маркаларына байланысты кезектесіп қатыру мен ерітудің 15, 25, 35, және 50 цикліне шыдау керек.
Сапа жағынан жоғары катергориялы кірпіштер мен тастар мына талаптарды қанағаттандыруы керек:
• қуыс денелілер эффективті не қатысты эффективті және беріктігі бойынша 100ден кем емес маркалы болуы керек;
• толық денелі кірпіштің маркасы беріктігі бойынша 150ден кем болмау керек;
• бұйымның аязға төзімділігі Мрз 25-тен кем болмау керек;
кірпіш пен тас жалпы көлемі бойынша сынықтары 3% артық болмау керек.
Берілген курстық жұмысымда есептеулер толық денелі кірпіш шығару бойынша жүргізілді. Өлшемдері:
• ұзындығы 250 ± 5 мм;
• ені 120 ± 4 мм;
• қалыңдығы 65 ± 13 мм.
Кірпіш құрылыста ғимаратардың сыртқы және ішкі қабырғаларын және т.б.элементерін тұрғызу үшін, сонымен қатар қабырғалық панельдер мен блоктар жасауда қолданылады.
Технологиялық бөлім.
Кірпішті таза саздан немесе созымталдығы жоқ төмен қоспалары бар саздардан жасайды. Көбіне шихта құрамына күйген қоспалар қосады.
Кірпіш дайындау үшін жеңіл балқымалы саздар негізгі шикізат болып табылады. Бұл таулы жыныстар сумен араластырғанда созымталды қамырға айналып, 800-1000°С температурада күйдіргенде тас тәрізді материал пайда болады.
Жеңіл балқымалы саздар жауын-шашын жыныстарына жатады. Кірпіш өндірісінде көп қолданысқа ие болған: элювиалды, гумидті, аллювиалды, теңізді және т.б. саздар.
Қабырға материалдарын өндіруге қажет саздың қолдану мүмкіндігін анықтау үшін оның түйіршікті, химиялық және минералогиялық құрамын, созымталдығын және технологиялық қасиетін білу керек.
Кірпіш өндірісінде сазды фракция құнды болып саналады, олардың құрамы 20℅-дан артық болмауы тиіс.
Саздың құрамында шикізаттың технологиялық қасиеттерін арттыратын Al2O3 глиноземнің болуы маңызды: жеңіл балқымалы саздарда оның мөлшері 10-нан 15% дейін болады. SiO2 кремнеземнің құрамы 60-75% мөлшерінде болады.
Сазды кремнеземнің бөлігі сазды түзетін минералды байланыстыратын күйде және байланыстырылмаған күйде қалдық материалдар қасиетіне ие болатын қоспа ретінде болады.
Кальций саздардың құрамында карбонат және сульфат күйінде, ал магний доломит күйінде болады. Саздың кейбір сорттарында кальций мен магний оксидтерде (СаО және MgO) 25%-ға жетеді, бірақ олардың жалпы құрамы 5-10%-дан аспайды. Көбіне кальций мен магнийдің қосындысы керамикалық бұйымдардың пісірілуіне және беріктігіне қарсы әсер етеді. Сазды құрамның 20% көп карбонатты қоспаларда олар сәйкес өңдеусіз немесе байытусыз қолданыла алмайды. Темірдің, титанның, марганецтің және басқа да металдардың саздарда 10-12% мөлшерінде болады және керамикалық бұйымдардың маңызды қасиеттеріне қатты әсер етеді. Ең көп әсерді саздардың құрамында Fe2O3 оксиді және Fe(OН)3 гидроксиді түрінде болатын темірдің оксидтері және MnO2 марганец оксидтері тигізеді. Олар бұйымдардың пісу қабілетін жақсартып, түсін өзгертеді.
Калий және натрий саз құрамына қышқыл оксиді ретінде енеді және оның құрамы 3,5-5% мөлшерінде болады.
Күкірт сазда әртүрлі қосынды түрінде болады, оның құрамы қабырға керамикалық бұйымдардың сапасына әсер етпейді.
Органикалық заттар көбінесе саздардың құрамына 5-10%-дай болады. Бұйымдардың күюі кезінде олар жанып кетіп, қаңқалардың кеуектілігін арттырады. Саздардың құрамында органикалық заттардың, сулардың және карбонаттардың (СаСО3, МgCO3) болуына байланысты қамырға айналу кезінде жою көрсеткіші болады.
Кесте 2.1.Кірпішті саздың шамамен химиялық құрамы, %.
SiO2 Al2O3 Fe2O3 CaO MgO Na2O+K2O
60-75 10-15 2-12 2-15 1-6 2-6
Саздың негізгі қасиетін анықтайтын саз түзуші минералдар көбінесе құрамында кремнезем және темір оксидтері, сонымен қатар, карбонаттар және суда еритін металдардың әртүрлі тұздары болатын аллюминийдің гидросиликаты ретінде келеді.
Саздардың ең маңызды қасиеті болып созымталдығы табылады, яғни оған су қосқан кезде сыртқы күш әсерінен әртүрлі пішінді қабылдай алатын және сыртқы күшті тоқтату кезінде оны сақтай алу қабілеті.
Пластикалық емес материалдар ретінде ірі түйіршікті құм, шлак, дегидратталған саз, шамотты қолданады, жанып кететін қоспа ретінде – ұсақталған көмір, торф және ағаш үгінділері қолданылады. Сонымен қатар саздардың табиғи қасиетін жақсартатын қоспаларды қолданады.
Шикізатқа сипаттама .
Керамикалық кірпіш өндірісінде негізгі компонент ретінде Ақжайық ауданы, Ілбішін кенорнының сазын қолданамыз. Бұл саз кептіруге орташа созымтал, орташа дисперсті, орташа сезімтал болып келеді.
Саздың карьерлік ылғалдығы – 19 % артық емес.
Созымталдық саны – 20.
Кептіруге сезімталдық коэффициенті – 1,55.
Жалпы отыруы – 11,4%.
Ауалық отыру – 7%.
Саз кептіруге орташа созымтал және орташа сезімтал болғандықтан, созымталдықты, отыру коэффициентін және кептіруге сезімтал коэффициентін азайтатын қоспаларды қосу керек. Саз кірпіштің жоғары беріктігін қамтамасыз ететіндіктен, түзейтін қоспаларды – ағаш үгінділерін қосу ұсынылады. Ұсақталған ағаш үгінділері пішіндеу кезінде созымталдықты төмендетуге көмектеседі, ылғал беруді жақсартып және ауалық отыруды азайтатын болғандықтан, өнімнің және кептіргеннен кейін жартылай фабрикаттың беріктігін арттырады, талшықтарымен салмақты шегендеу арқылы кептіру кезіндегі отыру коэффициентін төмендетеді.
Күйдіру процесі кезінде олар жанып кететін қоспаретінде қолданылады. Солай олар бұйымдардың бірқалыпты жылуын қамтамасыз етеді, және дайын бұйымның кеуектілігін арттырады. Кеуектіліктің артуы кірпіштің салмағын азайтады, жылу- және дыбысоқшаулағыш қасиетін төмендетеді және бұйымның беріктігін біраз төмендетеді.
Жанып кететін қоспа ретінде ағаш үгінділері қолданылады(ТУ-313-64). Үгінділердің ылғалдылығы 30% артық емес, гранулометриялық құрамы: фракция құрамы 5 мм-ден артық жіберілмейді; 1-ден 5 мм-ге дейін – 85%; 1 мм-ден аз – 15%.
Қалдықты қоспа ретінде шамот қолданылады. Оның ылғалдылығы – 5-9%. Гранулометриялық құрамы: түйіршіктің ірілігі 1-ден 5 мм-ге дейін – 85%; 1 мм-ден аз – 15%. Фракциялық құрамы 5мм-ден артық жіберілмейді. Шамотты қосу пішіндеу кезінде созымталдығын төмендетіп, кептіру кезінде отыру коэффициентін азайтуға және бұйымның беріктігін арттыруға көмектеседі.
Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау.
Шикізатты зауыттық жағдайда сынау үшін учасканың ортасында орналасқан шурфтан массасы 5-20 т жалпы сынама алады. Әдетте, мұндай зерттеуді ғылыми институтының эксперименталдық цехында немесе зауыттық жағдайда, тек бұрынғы лабораториялық зерттеу нәтижелерінде негізделініп, берілген өндіріс параметрлерін тиянақты бақылаумен жүргізіледі. Сынау жұмысын орталық және зауыттық лабораториялар мамандарын қатыстыра жүргізген дұрыс болады.
Егер зауыттық жағдайда шығарылған партия керамикалық сыналатын бұйымдар мемлекеттік стандарттың барлық талаптарына сапасы жағынан сәйкес келсе, онда зерттелінген шикізат (саз кені) қоры өнеркәсіптік пайдалануға жарамды деп мойындалады. Әрине, мұндай сенімділікке келу үшін саз кені орналасқан ауданның барлық жерінен алынған сынамалардың физикалық-химиялық қасиеттер көрсеткіштрі түгелдей шикізат кенінің жоспарланған керамикалық бұйымдарын шығаруға жарамды екеніне дәлел болулары қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет