Реферат Тақырыбы: Керамикалық қабырғалық бұйымдар Курс: I группа: см-20-8кс



бет4/4
Дата23.04.2022
өлшемі44,24 Kb.
#140574
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық қабырғалық бұйымдар

3.Керамикалық плиталар

Керамикалық плиталар сыртқы және ковры (кілем тәрізді). Плиталар стендті, цокольды, әйнекті және әйнекті емес беткі жақты, жұмсақ немесе бедер жағын әртүрлі түстер және өлшемдермен, квадратты және тікбұрышты пішінмен шығарады (15-ке жуық өлшемдер). Стендті плитаның сусіңгіштігі 2-9 %, цоколь 2-5 %6 аязғатөзімділігі 40-50 цикл. Плитаның пластикалық және жартылай құрғақ пресстеумен жасайды. Мысалы, «Кабанчик» плитасы өлшемі 120х65х7 мм, оны ақкүйдірілген саздан, әйнекті емес және әйнектен жасайды. Кірпіштік стеналарда, панелдерде қоланылады.


Ковров дайындауда (бір және көптүсті) әйнекті және әйнекті емес плитаның алаңы 115 см2-та орындалады. Керамикалық плитаның ішкі қабырғалық стендті, квадратты және тікбұрышты пішінде, сыртқы және ішкі бұрыштарында, карнезді тік плита, карнездің бұрыштары және т.б. Сусіңгіштігі 16 %, беріктігі 15 мПа. Сақтау температурасы 125 (150) 0С кемістіксіз.50-ге жуық өлшемді плиталарды шығарады. Плитаның қалыңдығы 5-8 мм. Плита жұмсақ және рефленным болуы мүмкін, олар беткі қабатын бір түсті әйнекпен жабады. Ақ және түсті плиталар бір және көптүсті суреттермен болуы мүмкін.
Майоликовы плитасы қызылкүйдірілген саздан жасайды. Ішкі қабырғалық кең көлемде қолданылады: жүзу алаптарында, ванна бөлмелерінде, асханаларында, ауруханаларда, дүкендерде,зертханаларда және т.б. ғимараттарда.Сусіңгіштігі 4 %. Плитаны квадратты, үшбұрышты, тікбұрышты, төрт, бес, алты, жеті фигуралармен шығарады. (30-ға жуық өлшемде). Қалыңдығы 4-13 мм.


Қорытынды

Ғимараттар мен имараттарды тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық кірпіш болып табылады. Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге творчестволық ойларын іске асыруда шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық кірпіш жоғары отқатөзімділігі мен салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.


Керамикалық кірпіш құрылыста дефицит металл, цемент және басқа да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді. Қабырға материалының өнідрілуі мен қолдануының ортақ балансында керамикалық кірпіштің алатын орны 30%. Күн энергиясын өзіне жинаған кірпіш жылуды баяу және бірқалыпты береді, бұл қасиеті жаздыкүні шамадан тыс қыздырудан, ал қысқы мезгілде жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. Кірпіш қабырғасы өзінің денесі булануды өткізіп, «демалады». Нәтижесінде ғимарат ішінде дымқылдық деңгейі тепе-теңдікте сақталады.
Қазіргі уақытта құрылыс керамикалық кірпіштің өндірісінде технологияны жетілдіруге, шығарылатын бұйымның сапасы мен ассортиментін кеңейтуге көп көңіл бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар құрылысында қазіргі отандық және сырт елдің технологиялық линия базасында автоматтандырылған және жоғары механизацияланған қондырғыларды орнату орын алуда. Шикізатты үнемдеп қана қоймай, сыртқы қабырғаның қалыңдығын (жылуөткізгіштігін жоғарлатпай) төмендету және де құрылысты индустриазацияландыру үшін жеңілдетілген конструкция панельдерін шығаруға арналған тиімді қуыс денелі бұйымды шығару көзделіп отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


2. Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.
3.Іңкәрбаев Н.О. Архитектура. Оқу құралы. Алматы. «Эверо» баспасы,2009 826.
4. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет