1.Керамикалық қабырғалық бұйымдар
Керамикалық қабырғалық бұйымдар қолданылады: сыртқы және ішкі қабырғалықтарға. Сыртқы қабырғалықтар ғимараттар үшін кірпіш және беткі тастар, ірі көлемді плиталар, сыртқы керамикалық плитар және ковры (кілем тәрізді) қолданылады. Кірпіш және беткі тастарды кірпіш стеналармен қатар жинастырып қояды.олардың формасы мен өлшемі бірдей болады, бірақ сапасы мен сыртқы түрлері бөлек болады. Түстері бірдей, беткі жағында дақ, жарық және де басқа да кемшіліктер болады. Беріктігі, сығылуы, пішіні, өлшемі, орташа тығыздығы, сусіңгіштігі МЕСТ сәйкес болуы қажет.беріктік маркасы 75, 100, 125, 150, 200, 250, 300, аязға төзімділігі 25, 35, 70. шикізат материалдарын қосқанда олардың түстері табиғи немесе боялған болуы мүмкін. әйнекті немесе екі қабатты қалыптау. Екі қабатты өнім ұқалыптауда екі массасымен дайындалады: қызылкүйдірілген саз, беткі қабатының қалыңдығы 3-5 мм-ден түстікүйдірілген боялған немесе боялмаған сазды дайындайды.
Ірі көлемді қабырғалық плиталар тікбұрышты немесе квадратты пішінді иемденеді. Ұзындығы 490, 990, 1190 мм, ені 490 және 990 мм, қалыңдығы 9-10 мм. Олар бір немесе көп түсті, әйнекті немесе әйнекті емес бет жағы жұмсақ және бедерді шығарады. Сусіңгіштігі 1 % , аязға төзімділігі 50 цикл. Мұндай плиталар жерасты жолдарында және ғимараттардың сыртына қолданады.
Құрылыстық керамика – тұрғын және өндірістік ғимараттардың құрылысында кеңінен қолданылатын керамикалық бұйымдардың үлкен тобы. Керамикалық қабырға материалдары – ең ежелгі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл шамасында. Олар ұзақ мерзімділігімен, қышқылға төзімділігімен және құрамында қоршаған ортаға зиянды заттардың жоқтығымен ерекшеленеді. Ыдыс және тағы да басқа керамикалық бұйымдарды дайындау үшін сазды қолдану ерте заманнан бар еді, тіпті біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың жыл бұрын. Ежелгі Греция мен Римде де керамикалық өндіріс жақсы дамыған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Еуропа мен Азия территорияларынан IV-V ғасырларға жататын керамикалық ыдыстар, қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған.
1415 жылы III Иванның шақыртуымен кірпіш өндірісіне қосқан үлесі зор сол замандағы атақты архитектор және инженер Аристотель Фьорванти Мәскеуге келді. Ол кірпіштің өлшемін өзгерте отырып, оны жіңішкерту туралы ұсыныс айтты, ұсынған кірпіш өлшемі 6,5×2,5×1,5 верш, немесе 270×110×70 мм болды және көлемі жағынан қазіргі кірпіштің 1,05-дей.
Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.
Керамикалық құрылыстық материалдардың түрлері тек қарапайым сазды кірпіш және черепицамен шектелді.
Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі бірінші жылдан бастап-ақ кірпіш өндірісін дамыта бастады. Құрылыстық керамиканың өндірісі халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады.
Соңғы он жыл ішінде өндіріс көлемі жылына 50-100млн. дана шығаратын
механикаланған заводтар құрылды, олар қуатты сазды өңдейтін және қалыптайтын машиналармен және механикаланған үнемді кептіргіштер және пештермен жабдықталған. Қазіргі уақытта металдарды қолдануды, құнын және құрылыстағы жұмыс күшін, ғимараттардың салмағын азайтатын, жылуоқшаулағыштығы жоғарылататын құрылыс материалдарын өндіруде электростанциялардағы, металл және фосфорлық өндірістегі күлдер мен қалдықтарды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың маңызы зор.
Құрылыстық керамикалық кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30℅-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға «демалып тұрады», нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.
Қазіргі кезде керамикалық кірпіш өндірісінде мыналарға көп назар аударуда:
• технологиясын әрі қарай дамыту;
• шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;
• түрлерін көбейту.
Жаңа өнеркәсіптер салу кезінде автоматталған және механикалық технологиялық құрылғыларды қондыру көзделуде. Дәстүрлі толық денелі кірпіштің орнын болашақта толықтай басатын, тиімді қуыс денелі кірпішті шығару көбеюде. Бұл тек қана шикізаттың шығынын азайтып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қабырғалардың қалыңдығы мен массасын азайтады, осы кезде оның жылуұстағыштығы төмендемей, бұрынғыдай сақталып қалады.
Түрлерінің көбеюі, атап айтқанда, бұйымдардың өлшемдерін ұлғайта отырып, орташа тығыздығын қуыстарын көбейту арқылы 1250-1350 кг/м3-ке дейін төмендету – 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдың шығынын 20-30℅-ға қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: |