Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.