ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ Тақырыбы: Кәсіпкерлік тарихы
Орындаған: Наятуллаев Б.Қ. Тобы: ЮП-212 Тексерген: Бекбергенова А
Алматы 2020
Жоспар
Кіріспе
Негізі бөлім. •Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары •Жалған кәсіпкерлік.Заңсыз кәсіпкерлік
• Кәсіпкерліктің даму тарихы. •Кәсіпкерліктің түрлері. •Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау. •Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары. •Кәсіпорындардың негізгі формалары •Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері. •Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері. •Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».