РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Контрацепция әдістері бойынша кеңес беру»
Орындаған: Танирберген Ж.Т
Тобы:708 ЖТД
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Контрацепция әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Контрацепция (жаңа латынның contraceptio — шектеу сөзінен шыққан, сондай-ақ тууды бақылау не фертилдікті бақылау деп те аталады) — жүктілікті болдырмау әдісі не сол үшін қолданылатын құрылғы. Тууды бақылау мәселесі ежелгі дәуірден белгілі, алайда оның тиімді әрі қауіпсіз әдістері тек 20-ғасырда пайда болған. Контрацепция әдістерін қолдану, жоспарлау және қолжетімді ету – отбасын жоспарлау боп саналады. Кей мәдениеттер контрацепцияны ақылақтық, діни не саяси тұрғыдан жағымсыз деп санап, оны шектеуге не тежеуге тырысады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары арнайы сырқаты бар әйелдеде тууды бақылау әдістерінің қауіпсіздігі жайлы нұсқаулық дайындаған. Контрацепцияның ең тиімді әдістеріне стерилизация (ерлерде вазэктомия, әйелдерде түтікті лигация), жатыріші құрылғылар (ЖІҚ) мен имплант контрацепция.
Достарыңызбен бөлісу: |