Реферат Тақырыбы: Криптография туралы түсінік Орындаған: Дербізәлиева Л. Тексерген: Омирбекова З. Алматы,2020 ж



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,23 Kb.
#87848
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дербізәлиева Лаура

Электронды қолтаңба дегеніміз- басқа пайдаланушыларға мәтіннің авторын және хабардың дұрыстығын тексеруге арналған мәтінге қосымша криптографиялық түрлендіру.
Криптографиялық тұрақтылық- кілтті білмеген жағдайда тұрақтылығын анықтайтын шифрлар сипаты. Криптографиялық тұрақтылықтың бірнеше көрсеткіші бар: -ықтимал кілттер саны -криптоанализға қажетті орташа уақыт Мәліметтерді криптографиялық жабу процесі программалық түрде де, ақпаратты түрде де іске асырылады. Ақпаратты өткізу ақша жағынан көп қаржыны талап етеді, бірақ оның да артықшылықтары бар: жоғарғы өнімділік, қарапайымдылық, қорғаныстылық және т.б. Программалық өткізу аса қолайлы, сондықтан пайдалануда өте икемді. Қазіргі заманғы ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесі келесі талаптарға сәйкес қалыптастырылады:

  • шифрланған мәтін қолға түскенде тек қана кілт арқылы оқылуы керек; 

  • шифрлануда қолданылатын кілттің операциялық саны шифрланған хабарламаның көрінісі мен өған сәйкес ашық мәтінге қажетті кілттердің жалпы санынан кем болмауы керек. 

  • қайта шифрлауға қажетті ақпараттың операция саны барлық кілттерді іріктеуде қатал төменгі бағаға ие болуы керек және қазіргі заманғы компьютерлер мүмкіндігінен асып түсуі керек. 

  • шифрлау алгоритмін білу қорғау тиімділігіне әсер етпеуі керек. 

  • кілтті азғантай өзгерту шифрланған хабарлама түрін бірдей кілт пайдаланғанда да маңызды өзгертуге әкелмеуі керек. 

  • шифрлау алгоритмінің құрама элементтері өзгермейтіндей болуы керек. 

  • кілттер арасында шифрлау кезінде жүйелі түрде пайдаланылтын қарапайым және оңай тәуелділік болмауы керек. 

  • шифрланған мәтін ұзындығы берілген мәтін ұзындығынан аспауы керек. 

  • алгоритм программалық та, сонымен қатар ақпараттық та өткізуге мүмкіндік беруі қажет және кілт ұзындығының өзгеруі шифрлау алгоритмінің сапасына әсерін тигізбеуі керек. 

Тізбектің қауіпсіздігі ең әлсіз буыннан құралады: ол тұрақты болған сайын сенімді болады. Жақсы тұрғызылған криптожүйеде алгоритм де, протокол да, кілт және қалған барлығы өте күрделі тексерістен өтуі қажет. Егер криптографиялық алгоритм тұрақты болмаса, онда кез- келген криптоаналитик бұл қателікті біліп қояды. Егер генераторды күшейткенде компьютер жадының ұяшықтары қорғалмаған болса, онда мұндай қауіпсіздік ешкімге керек болмайды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек қана криптоаналитикке байланысты болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет