Реферат Тақырыбы: Лизингтік операциялар есебі Орындаган: Сейтканова С. Д



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі117,7 Kb.
#181784
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Лизингтік операциялар есебі Орындаган Сейткан


Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Реферат



Тақырыбы: Лизингтік операциялар есебі

Орындаган: Сейтканова С.Д



Павлодар 2021ж
Жоспар 
І. Кіріспе....................................................................................................................1 
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі...........................................................................................2
1.2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері......................................................3 
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік операциялар есебі.............................................................................6
2.2. Лизингтік келісімшарт......................................................................................14
3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары.............................15
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері...............................................15
3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.............................................20
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................21 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................22 

І. Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг, экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын, аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласы болып табылады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг – маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина-техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық-техникалық өндірісті қамтамасыз етеді.
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Бірінші тарауда, лизингтің қалай пайда болғаны, яғни оның шығу тегі және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей-қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке-жеке тоқталамыз.
Екінші тарауда, лизингтік операцияның қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажетті әрі маңызы зор, яғни іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция ретінде қарастырамыз.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері қарастырылады. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет