Реферат тақырыбы: Маркетингтік зерттеу ұғымдары мен пәні Орындаған: Бакытова А. М. Маркетинг, 3-курс Тексерген: Тулебаева Н. Т



бет2/13
Дата06.02.2022
өлшемі44,16 Kb.
#81197
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Бакытова Аида маркетингтік зерттеу

Маркетингтік зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер. Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады. Маркетингтік зерттеулер –бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеу бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі. Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. 
 Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты - маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады. Нарық динамикасының құрылымы мен заңдылықтары туралы және оның өндірісін, технологиялары мен құрылымын, сондай-ақ нарыққа шығарылатын өнімдер мен қызмет көрсетулердің түпкі тұтынушының сұранысы мен талаптарына неғұрлым тиімді бейімделуі үшін нақты фирманың қажет екендігі мен оның мүмкіндіктерін негіздеу туралы жалпы түсінік тұжырымдамасын әзірлеу, маркетингтік зерттеулердің басты мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет