Реферат тақырыбы: "Мені? ?лкем ж?ма? мекен!" Орындаған: Далабаева Еркеназ Тобы: пмно 22-1 Тексерген: Сәменова Г. М



бет3/4
Дата07.10.2023
өлшемі56,64 Kb.
#184074
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Мен лкем - ж ма мекен! РЕФЕРАТ

2.3 Табиғаты
Жаңаарқа ауданы Ағашжайлау – тау. Биіктігі 492 метр. Атауы ағаш және жайлау сөздерінен құ­растырылған. Мағынасы – «тау бау­райына өскен қалың ағашының ара­сы малға ыңғайлы жайлау». Адыр – Жаңаарқа жерінде жиі кездесетін (Жаманадыр, Манадыр, Қарсыадыр, т.б.) қатты тау жыныстарынан құралған аласа тау­лар. Жер бедері және құрылысы жағынан негізгі тау жоталарынан өзгеше келеді. Тау жыныстарының үгіліп, бұзылып пайда болған лесс-конгломерат қабаттарынан түзіледі. Беткейлері құрғақ, сай-жыралары көп, жазықтардан 400-500 м. көтеріңкі тұрады. Жаңаарқа жеріндегі адырлардың ландшафтысында эфемерлік өсімдіктер жиі кездеседі. Қыраттардың төбесі, таулардың жұрнақтары мен жондар да адыр деп атала береді. Айшырақ – елді мекен, қола дәуірдегі ескерткіштер тобы. Ақтау ауылдық округіне қарайды. Отау­тас тауының оңтүстік жағында және Атасу өзені бойында. Бұл жерді Алтай Алсай руының Айшырақ, Жаншырақ атты екі беделді ел адамдары мекендеген. Сарыбие – өзен. Жаңаарқа ауданы жерімен ағады. Көктас өзенінің алабында. Ақжол қыратының оң­түс­тік беткейінен ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Көктас өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 35 км. Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және жерасты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы шөбі шүйгін жайылымдық болып табылады. Атауы сары (сын есім) және бие (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Сарыжал – төбе. Бектау тауының солтүстік-батысында, Қызылжар кентінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Сары (сын есім) және жал (зат есім) сөздерінен құралған атау. Мағынасы – «сарғайып кө­рі­нетін жылқының жалына ұқсас жоталар, адыр-шоқылар немесе құмдар». Көкбұлақ – Жаңаарқа ауданының жерінде Жамбыл кентінің оңтүс­ті­гінде 28 км. жерде батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау массиві. Ұзын­дығы 5 км., ені 2,5 км. Ең биік жері 595 м. Девон жүйесінің тө­мен­гі және орта бөлімінің жыныста­рынан түзілген. Сортаңдау қоңыр то­пырақты жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұталар өседі. Таудың сол­түстік-шығыс етегінде Көкбұлақ көлі (ауданы 1 шаршы км.), шығысқа қарай 6 км. жерде Әлібек құдығы ор­на­ласқан. Киіктердің жазғы жайлауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет