Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері, соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Бүгінгі әлем жаһандану үрдісінде жүріп жатыр. Жаһандану дегеніміз-бәсекелестік. Соңғы 10-15 жылда бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды. Ол жаһандық экономиканың жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуі. Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық ортақ білім санасы» деген бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағытына бет бұрды. Қазіргі кезде әлемдегі құрлықтар, мемлекеттер, ұлттар тіпті адамдар арасында бәсекелестік күшеюде. Бүгінгі мемлекеттер арасындағы бәсекелестік өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі, бәрінен бұрын адам потенциалының даму индексі бойынша ұлттың қабілеттілігі қазіргі заманғы «интеллектуалдық потенциалға» көбірек аударылады ол дәл бүгінгі қоғам дамуындағы бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағыты үшін аса маңызды. Осыған орай, еліміздің басты бағыттарының бірі - қазіргі ғылым мен білімді барынша дамыту болып отыр.
Еліміздің экономикалық даму қарқыны жоғары болғанымен, ғылым мен өндірісті ұштастыру, техникалық даму үшін еліміздегі оқу сапасы әлемдік стандарттар талабына сәйкес келмей отыр. Сондықтан, біз, яғни, ғалымдардан бастап, ұстаздар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, барлық білім беру орталықтарындағы қызметкерлер, ата-аналар, тіпті бүкіл халық болып өз ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді жаһандануға қарсы тұра алатындай деңгейде шыңдауымыз керек.
Ғалымдар оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновациялық технологияларды енгізіп, тарату мәселесін зерттей отырып, қазіргі мектептерге ғылыми ізденіс мәдениетімен қаруланған, жаңа формациядағы мұғалім керектігін айтады және педагогикалық инновацияның негізгі міндеті-енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау-жіктеу-таңдау деп санайды. Бұл бүгінгі педагогтардың білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауға арналған «өзіндік жаңалығы» болуы қажет және бұл барлық ұстаздарға міндетті түрде жаңалық ашу да емес, әр мұғалімнің жүйелі зерттеу жұмысы болуы, және сол арқылы мұғалімнің жасаған өзіндік инновациялық іс-тәжірибе технологиясының жобасы болуы керектігін міндеттейді деп ойлаймын. Бұның бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.
Осы міндетті іске асыру мақсатында, оқыту мен тәрбие беруде «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру негізіндегі, инновациялық іс-тәжірибелері» жобасының үлгісін ұсынып отырмын.
Мұғалімнің ғылыми - зерттеу мәдениетін зерттеудің интегративті - мәдениеттанулық негіздері
Қазіргі жағдайда ғылыми - педагогикалық білімді дамыту зерттелетін объектіні жан-жақты зерттеуді қамтиды. Педагогика ғылымында "ғылыми - зерттеу мәдениеті" терминінің болмауы оны терең талдауды қажет етеді және тиісті әдіснамалық стратегияны таңдауды талап етеді. Біз қарастыратын құбылыс мәдениеттанулық сипатқа ие, сондықтан оның мәнін қарастыру мәдени құбылыстың генезисінің, жұмыс істеуі мен дамуының мәдени жағдайын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін мәдени тәсіл аясында жүргізілуі керек. Біздің зерттеуіміздің контекстінде мәдени көзқарасты қолдану зерттеу тақырыбына сәйкес келетін бастапқы позициялар мәдениеті ұғымының мәні туралы көптеген көзқарастардың ішінен таңдау қажеттілігімен алдын-ала анықталған. Мәселені зерттеуге мәдени көзқарасты біз күнделікті және теориялық сана деңгейінде түсіндірілетін мәдениетті жалпы философиялық түсіну тұрғысынан жүзеге асырамыз.