Реферат тақырыбы: Микроклиматтық факторлар және оның параметрлері Пәні: Еңбекті қорғау Орындаған


Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі100,65 Kb.
#86348
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Микроклимат факторлары

Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері
Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет.
Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.
*Тыныс алу зонасы – жұмыскердің бетінен радиусы 50 см дейінгі кеңістік.
Ағымдыға температура мәнін өлшеу үшін кәдімгі термометрді (спирттік немесе сынапты) қолданады. Бақылау периоды арасында температураның аса жоғары немесе өте төмен мәндерін өлшеу қажет болғанда сәйкесінше максималды немесе минималды термометрді қолданады. Ағымдағы ауа температурасын жазу үшін термографты қолданады.
Мәнді жылулық сәулелену шарттарында ауа температурасын өлшеу үшін булы термометр қолданылады. Булы термометрдің өзі екі термометрден тұрады, бірінің үстінгі резервуары қараңғыланған («қара» термометр), ал екіншісі күміс қабықшасымен қапталған («жылтыр» термометр). Нақты температура «жылтыр» және «қара» термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы бойынша градирлік коэффициент (аспаптың константасы) есебімен анықталады.
Соңғы кездері сулы термометрлерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар (сезімталдылығы жоғары, қашықтықта өлшеу мен автоматика құралдарымен байланыстыру мүмкінділігі) электрлік термометрлер кеңінен қолданылуда. Әрекет ету принципі бойынша олар қарсыласу термометрлері мен термоэлектрлік термометрлер болып бөлінеді.
Ауаның қатыстық ылғалдылығын психрометр және гигрометр көмегімен бағалайды. Ауа ылғалдылығының өзгеруін жазу үшін гигрограф қолданылады.
Гигрометрлер мен гигрографтардың қатысты ылғалдылықты нақтылы анықтау үшін қолданылатын датчиктері болып адамның майсыздандырылған шашы немесе қатысты ылғалдылықтың өзгеруіне пропорционалды түрде өзінің өлшемін өзгертетін арнайы синтетикалық диафрагмалар табылады.
Психрометрдің жұмысы психрометр құрамындағы «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштерін анықтаудан тұратын психрометрлік әдіске негізделген. «Құрғақ» термометр қоршаған ауаның температурасын, ал резервуары дитиллденген сумен суландырылған мәрлі немесе батист бөлігімен оралған «ылғалды» термометр айтарлықтай төмен температураны көсретеді, себебі матадан буланатын су жылуды ұстап қалады. Ауаның қатысты ылғалдылығын «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштеріне сәйкес психрометрлік кесте бойынша анықтайды.
Ассманның аспирационды психрометрінде (Августтың статистикалық психрометріне қарағанда) екі термометр де металлды қоршауға алынған. Құралдың үстіңгі бөлігіне кірістірілген (аспирационды баста) вентилятордың көмегімен (электрлік немесе серпімді жетегі (приводы) бар) ауа құбырлар арқылы сорыла өтеді де термометрлердің резервуарларын қамтиды, осылайша олардың көрсеткіштерінің тұрақтылығы және мүмкін болатын жылулық сәулеленуді экрандау қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар «құрғақ» және «ылғалды» терморезисторлардың қарсылығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейтін электронды психрометрлерді де қолданады.
Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін әртүрлі конструкциялы анемометрлерді пайдаланады. Механикалық анемометрлер (қанатты және табақшалы) бекітілген ағынға орналастырылған құралдың қабылдаушы зырылдауықтың (вертушка) айналу жиілігін белгілі бір уақыт периоды кезінде өлшеу жүргізу принципі бойынша жұмыс істейді. Индукционды анемометрлер электрлік индукционды тахометр әдісімен зырылдауықтың айналуының бұрыштық жылдамдығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейді. Ауа қозғалысының төмен жылдамдықтары (0,5 м/с төмен) әдетте кататермометрлермен (жылулық анемометрлермен) өлшенеді. Олар үстіңгі бөлігінде кеңейтілген капиллярға өтетін төменгі бөлігінде шарлы немесе цилиндрлік резервуары бар термометрден тұрады. Кататермометрлердің жұмысы ауаның қозғалыс жылдамдылығынан тәуелді болып келетін ауаның суу қабілеттілігін (суу ұзақтылығы) анықтауға негізделген.
Төмен жылдамдықтарды электроанемометр көмегімен өлшеуге болады, олар ауа ағыны жылдамдығына байланысты температурасын өзгерту кезінде терморезистордың қарсылығын өлшеу принципіне негізделген.
Аса ерекше құралдар тобын Пито-Прандтль құбыры принципі бойынша әрекет ететін аэродинамикалық анемометрлер құрайды. Бұл құралдарды әдетте желдету каналдарындағы ауа ағынының қозғалыс жылдамдығын бағалау үшін пайдаланады.
Жылулық сәулеленудің қарқындылығын актинометрмен өлшейді, термобатарейдің жылтырлаған және қараңғыланған секцияларының жылуды жұту және сәулеленудің әртүрлі өлшемдері нәтижесінде пайда болатын термо-э.д.с. өлшеуге негізделген принцип бойынша әрекет етеді. Жылулық сәулеленудің қарқындылығын анықтау үшін булы термометр де қолданылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет