Реферат Тақырыбы: нарықтық экономикадағы салықтардың мәні принциптері мен функциялары Орындаған: Жанкарин Айзат Қаржы 101 Салық



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,82 Kb.
#90199
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Реферат қаржы Жанкарин Айзат Қаржы-101

Салық жүйесі және салық саясаты:

Мемлекеттік салық салу саясаты - салық саласындағы шаралар жүйесі қоғамның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және оларды анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық органдары.

Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі қағидаттары және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет