4. Жануарлар дүниесі.
Наурызым қорығы - ен далаға әкеп табиғат-ананың орната салған табиғи мұражайы десе де болғандай. Тұзды көлдің жағасына өскен қалың орман, құмдауыт, төбешіктер толған қарағай, ақ қайындар мен аралас өскен жыңғыл, тобылғы. Ал, хайуанаттар, өсімдіктер дүниесі адам таң қаларлықтай мол-ақ. Мұнда құстың екі жүзден, сүт қоректілердің отыздан, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың оннан астам, ал кұрт-құмырысқа сияқтылардың жеті жүзге жуық түрі кездеседі. Өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Осында кәсіптік маңызы бар балықтар мекендейді. Наурызым көлдерінде 1977 жылға дейін кәсіптік жолмен балықтар ауланып келген. Ал 1977 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Үкіметі шешімі бойынша бұл көлдерде кәсіптік жолмен балық аулау тоқтатылды.
Қорықтың қалың ормандарында жәнекөгілдір көлінде бұта, орман құстары мен су қанаттылары кеңінен таралған. Бетегелі-жусанды жазық далада шөл және шөлейт аймақтарының құстары да қоныстанған. Осы аймақтарда құр, аққұр, қаз, үйрек, ақиық,сұңқар, дуадақ, безгелдек, тарғақ секілді бағалы және өте сирек кездесетін құстар мекендейді. Біз бұталы орман құстарына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |