Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет17/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

6. Қорықтың болашағы.
Қорықта халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар көкорай шалғын, жасыл желекке бөленген орман iшi толы бағалы құстар мен андар сияқты табиғи ресурстар қорғалады. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, халық шаруашылығы пайдасына асыру үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл мәселеде қорық қызметкерлерінің атқарғанымен қоса, істелуге тиісті басқа да жұмыстары мол.
Алайда, Наурызым қорығының жұмысымен танысканда оның негізгі объектілерінің бірі әр түрлі хайуанаттарды және жәндіктерді зерттейтін мамандар (маммалог,орнитолог, энтомолог, гидролог) жетіспейтіндігі байқалып-ақ тұрады. Атап айтқанда орман шаруашылығының мамандары жеткілікті де, басқа мамандар аз. Сондай-ақ,көлдерді, топырақты және өсімдіктерді зерттейтін мамандар (лимнолог, топырақ зерттеуші, ботаник) тіпті жоқтың қасы. Сондықтан да қорықтағы негізгі табиғи комплекстерді зерттейтін әр саланың мамандары қажет.
Наурызым қорығының,әсем табиғат музейінің мүддесі үшін өзендердегі бөгеттерді азайту тиімді сияқты. Табиғаттың бірден-бір ескерткіші – Наурызым көлдері кұрып кетпеуі керек.
Қорықтың материалдық-техникалық базасын кеңейту әлі де көптеген мәселелердің шешілуін қажет етеді. Осы уақытқа дейін кордондарда радио, телефон байланысы жок. Кордондар елді пункттен алыс орналаскан. Егер өрт бола қалған күнде, транспортпен баскармаға келіп хабарлап үлгергенше «тілсіз жау» дегенін істеп те болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, өрттен орманды қорғауды күшейту үшін оған қарсы қолданылатын әр түрлі құралдарды сақтауға үйлер, қойма салуды қарастыру керек.
Қорықтың негізгі объектісі — қарағайлы орманды тезірек қалпына келтіру ісіне Қазақтың орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және агролесомелиорациясы тиімді шаралар жасағаны жөн. Сонымен бірге корықтағы көлдерді комплексті зерттеуге күрделі қаржы бөлу мәселесін тиісті органдар алдына қою керек. Соңғы жылдары Қазақстан Үкiметi қорық жұмысын жақсарту жөнінде екі қаулы жариялады. Мәселен, 1968 жылы 9 шілде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру және қорғау шаралары туралы», 1969 жылы 24 қаңтарда «Қорғалжын мемлекеттік қорығы туралы» қаулылар өмірге келді. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің 1976 жылы 12 шілде қабылдаған «Қазақстандағы қорықтардың жұмысы жақсартылсын» деп аталатын қаулысында да Наурызым қорығы жұмысын жақсарту жөнінде көптеген мәселелер көтерілді. Осы қаулылардың шешімдерін орындауға аса көңіл бөлу қажет. Өйткені, Наурызым - Қазақстандағы ен далаға орналасқан бірден-бір қорық. Мұның жануарлар, өсімдіктер дүниенің байлығы ғалымдарымызды көптен-ақ, қызықтырып келеді. Біздіңше, мұндай қайталанбас ғажайып табиғат байлығын дүниенін, ешбір жерінен табу мүмкін емес. Наурызым қорығы қазақ жерінің көркем бір мақтанышы, ғажайып мол табиғат байлығының тамаша көрінісі. Оның осыншама байлығын қорғау, оның қорынарттыру қорыққызметкерлерінің, әсіресе қалың жұртшылықтың қасиетті борыштарының бірі болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет