Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет15/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.9. Дала суыры
Дала суыры- салмағы 6—7 килограмдай,ірі кемірушілердің бірі. Ол негізінен бетегелі, көде және боз өскен далалық жерлерде кездеседі. Бұрын көбінесе тын жерлерде тіршілік ететін болса, қазір тыңайған егістік алқаптарын мекендейді.Дала суырының жер бетіндегі қимыл-әрекеті күндіз өтеді.Түнге қарай індеріне тығылады. Суыр ініндеүйірімен тұрады. Тұрақты індерінің тереңдігі 5-6 м, ал іннің ішінде жататын үш-төрт ұясы болады. Тұрақты індерде дала суырының бірнеше «ұрпақтары» өмір сүреді.Олар да борсық сияқты денесіне жеткілікті май жинап алып, тамыз айының ортасынан ұзақ,қысқы ұйқыға кетеді. Суыр да борсық секілдi ұйқыда жатқанда бойындағы жинап алған майымен қоректенеді. Қысқы ұйқыдан ол ауа райына байланысты наурыз айында, немесе сәуірде оянады. Дала суыры жылына бір рет 2-ден 9-ға дейін, көбіне 5—6 күшік туады. Суырлар 10—15 жылдай өмір сүреді. Көбінесеөсімдіктердің жапырақ, сабақ және гүл сияқты бөліктерімен қоректенеді. Қорық орналасқан аймақта суыр өсімдіктердің 46 түрімен қоректенеді. Әсіресе, бидайық, көде, бетеге, жусан, ақбас жусан, сүттіген, алабота, еркекшөп сияқты өсімдіктер оның қорегінде ең маңызды орын алады. Су ішпейді, шөптердің ылғалы арқылы шөлін қандырады. Дала суыры терісі мен майы үшін кәсіптік тұрғыдан ауланатын аң екені мәлім. Қорықтың территориясында басқа да көптеген аңдар кездеседі. Мәселен, мұнда 1975 жылы 30-дай Қызыл түлкі, 40-тай карсақ, 60-тай жабайы шошқа және 60-тай касқыр кездескен. Қорық маңында орман алыбы бұлан, дала аруы ақбөкен сияқты еті мен мүйізі бағалы тұяқты аңдар әр түрлі маусымдарда көзге шалынып қалады.
Қорыта айтқанда, Наурызым қорығының байлығы орман ғана емес, онда жабайы аңдар мен кұстар да мол. Қорық алдында тұрған тағы бір міндет – көлдерді қорғау, оны мекендейтін су құстарының және басқа су организмдерінің тіршілік ерекшеліктерін білу. Сондықтан да мұндағы табиғи комплекстерді жан-жақты толық зерттеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет