Реферат тақырыбы: «Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы»



бет11/17
Дата28.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#141201
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Изтелеу Жаннааа-Науырызым мемлекеттік табиғи қорығы

4.5. Тарғақ
Тарғақ - дене мөлшері орташа, салмағы 250 грамдай келген құс. Бұл кұрғақ дала және шөлейт белдеулерге тән кұстардың бірі.Қорықтың кұрғақ дала аймағына таралған. Мұндағы тарғақтың саны мардымсыз. Ол көбінесе өсімдіктері сиректеу жерлерге, сортаңға Және суға жақын мекендерге жұмыртқалайды. Далалы белдеуде шөптің әр түрлі болып келетіні жұртқа мәлім. Тарғақ, әсіресе, боз бен бетеге, жусан мен бетеге аралас өсетін жерлерді паналайды және осындай мекендерге ұялайды. Ал бірыңғай бетегелі далада олар онша тұрақтамайды. Тарғақ- жыл құсы. Күзде,жылы жаққа қарай қоныс аудару кезінде тарғақтар көбіне суаттарға жақын құрғақтау жерлерде қоныстанады. Олар көктемде он шақтыдан топтанып жүреді. Ұялаған кезде де тобын онша көп жазбайды. Ұялары бір-біріне жақындау мекендерде орналасады. Бұл құстар күзде қоныс аудару кезінде үлкен үйір кұрады. Сәуірдің ортасында ұясына 4-5 жұмыртқа салады, 17—21 күннен соң жұмыртқадан балапан шығады, олар тез өседі. Тарғақ, әсіресе, жұмыртқа басқан кезде өте сақ келеді. Бұл құс өте жылдам және тез ұшады. Тарғақ, әсіресе, зиянды насекомдарды, көбіне шегірткелерді жеп үлкен пайда келтіреді. Ал қорегінде өсімдік сирек ұшырасады. Мысалы, Наурызым қорығының маңайында мекендейтін тaрғақтың жүзге жуығын зерттегенде, олардың қарнынан бір-ақ рет жабайы ешкіcабақтың гүлі табылған. Тарғақ біздің елімізде негізінен Қазақстанда ғана таралған өте аз кездесетін құс. Сондықтан да ол толық қорғауға алынған.
Қорық территориясындағы айдын-көлдер су құстары мекендейтін табиғи орындардың бірі. Олар әсіресе көктемгі және күзгі маусымдарда су кұстарына толы болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарының ұшып келуіне, ұя басуына және олардың жаппай гүлдеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жазғытұрым құстар ұшып өтер кезінде су айдындарын олар тыныстау және қоректену орны ретінде пайдаланады. Нау-рызым өзені мұз құрсауынан босай бастасымен-ақ аққу, қаз, үйректердің әр түрлері ұшып келе бастайды. Бұл аймаққа кұстардың көктемгі ұшып жетуі мамырдың аяғына қарай аяқталады. Қорық қызметкерлерінің жүргізген есебіне қарағанда, мұнда 112 сұңқылдақ және сыбырлауық аққулар, 1900 қоңыр қаз, 43 мың ақ маңдайлы қаз және 5100 әр түрлі үйректер кездескен. Сонымен қатар онда бізтұмсық, қасқалдақ, итала қаз, кара-ала қаз, сұқсыр үйрек, бірқазан, қызыл жемсаулықарашақаз секілді кәсіптік маңызы баржәне сирек кездесетін құстар мекендейді. Табиғаттың тұнған байлығының бір көзі және көлдердің, айдын еркесі осы су кұстары,сондықтан да оларды қорғап, тіршілігін зерттеп отыру керек. Соңғы уақыттары бүкіл жер шарында су құстарының саны күрт кеміп кеткені аян. Үйрек, қаз, аққу сияқты құстардың ең жиі топталатын, келіп-кетіп жүретін жері осы Наурызым болғандықтан да бұл көлдер халықаралық қорғауға алынып отыр.
Наурызым қорығында тек ұшқан құс қанаемес, сонымен қатар жүгірген аң да кездеседі.Бұл аймақта елік, борсық, орқоян, қызыл түлкі, қарсақ, суыр, сары күзен, ақкіс, аққалақ,жабайы шошқа сияқты терісі, еті бағалы және сирек кездесетін көптеген андар мекендейді. Орманды аралағанда осы хайуанаттардың арасынан айрықша көзге түсетіні — елік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет