4.7. Борсық
Борсық - «орман бағбаны». Бұл – орман шаруашылығының зиянкестерімен қоректенетіндікте пайда келтіреді. Борсық қорық территориясында кең таралған. Бұл өңірдің орманды аймағында көп кездеседі. Мәселен, 1975 жылы мұнда 70-тей борсық мекендеген. Сонымен бірге өзен-көлдердің жағасында да аз емес. Бұл жыртқыш аң әр түрлі жерді мекендейді. Әсіресе, ол Жаркөл, Ақсуат және Сарымойын көлдері жағасын-дағы тоғайда, құмды төбешіктердің арасында жиі кездеседі. Борсықтың іні қалың,биік ағашты орман арасында, тоғайда көп болады. Борсық көбіне ұзындығы 10 метрдей келетін інде жатады. Бұл аймақта мекендейтін борсық қысқы ұйқыдан сәуір-мамыр айларында оянады. Борсық жылына бір рет үш-төртке, кейде алтыға дейін күшік туады. Бұл түнде тіршілік ететін аң. Тек шет жатқан, иесіз жерлерде ғана ол күндіз де қорек іздеуге шығады. Борсықтың негізгі қорегі – құрт-кұмырысқа, кесіртке, көлбақа, жылан, ұсақ кемірушілер мен құстар және ұсақ құстардың жұмыртқалары, балапандары. Сонымен бірге ағаш жемістерін жейді. Қүзге қарай қатты семіреді, осы уақытта оның салмағы екі еседей артады. Қыста ұйқыда жатқанда ол бойына жеткілікті етіп жинап алған майы арқылықоректенеді, организмде физиологиялық процестер жүріп жатады. Халық медицинасында борсық майы құяң, туберкулез ауруларына және іріңдеген жараларға ем ретінде қолданылады. Сонымен бірге борсық ауыл және орман шаруашылықтарының көптеген зиянкестерімен қоректеніп, көп пайда келтіреді. Сөйтіп, мұндай зиянкестермен күресте борсықтың маңызы үлкен. Қазіргі уақытта мамандар, оның әсіресе, орман-тоғай зиянкестерін (зауза қоңыздарды, никадаларды,сүген қоңыздарды) жоюдағы пайдасы улы химикаттар қолданғаннан да артық деп санайды. Қорыта айтқанда, терісі мен майы пайдалы және «орман бағбаны» борсықты браконьерлерден қорғап, оларға қамқорлык жасау көпшіліктік, әсіресе, орман мен аңшылық қорық Қызметкерлерінің, табиғат әуесқойларының міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |