«Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті»
Реферат
Тақырыбы: Қоғам және мәдениет
Орындаған: Фалеева Д. Ж.
Тексерген: Ашимова Г. М.
Мазмұны:
Қоғам туралы түсінік.
Мәдениет дегеніміз не?
Мәдениет түрлері.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық де. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.
Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.
Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады.
Адам қоғамының мынадай негізгі сипаттамалары бар:
біртұтастық – элементтер мен қосымша жүйелердің бірыңғай жүйеге енуі;
өздігінен ұйымдастырылатындығы – ішкі күштер мен үрдістердің тіршілік етуімен дамуына әсері;
серпінділік – әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
даму – қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
заңдылық – қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.
Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және соль қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет. Индивидтердің тек осындай жиынтығын ғана қоғам ретінде қарастыруға болады.
Кез келген қоғамға:
бірге өмір сүрумен аумақты игерудің белгілі бір формасы;
шындық өмірді өндіру (және қайта өндіру): өмір сүруге қажет құралдар өндіру мен бала туу жолымен адам өмірін жалғастыру тәсілі;
әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесімен әлеуметтік мәртебелер мен рөлдердің соларға сай бөлінуімен бекітілген орнықты (берік) байланыстар мен қатынастардың болуы;
белгілі бір түсінімдер мен идеяларда, өмір құндылықтарында, дүниетанымда, мәдениетте және т.б. өрнектелетін өзінің тұтастық ретіндегі бірлігін, өзінің дербестігі мен бірегейлігін сезіну тән.
Осылайша, қоғам – бұл демографиялық, өндірістік, әлеуметтік және рухани жүйе – оны құрайтын индивидтердің қауымдастығы.
Достарыңызбен бөлісу: |