Жөтел құрғақ болуы мүмкін, бірақ шырышты-іріңді немесе іріңді қақырық бөлінумен бірге жүреді.
Ентігу экспираторлы сипатта болады, дем алу қиындайды және ұзарады.
Анық білінетін эмфиземада науқастың сыртқы түрі: мойны қысқа, бөшке немесе қоңырау тәрізді кеуде клеткасы, ішінің аздап салбырауы, акроцианоз байқалады. Кеуде омыртқасы аймағының кифозы тән.
Өкпе эмфиземасын диагностикалауда науқасқа келесі зерттеулер жүргізіледі:
Жалпы қан анализі, эмфиземамен ауыратын науқастар қанында эритроциттер саны мен гемоглобин деңгейінің жоғарылауы байқалады;
ЭКГ;
Көмірқышқыл газы мен оттегінің қандағы қысымының өзгеруі.
ІІІ. Қорытынды Сонымен қорыта келгенде, өкпе эмфиземасы альвеола тіндеріндегі елеулі морфологиялық өзгерістер аясында газ алмасудың бұзылуымен және ауа кеңістігінің патологиялық кеңеюімен байланысты. Бұл себептер өкпенің тән көрінісін береді: олар ісінеді, бозғылт реңкке ие болады, шеттері дөңгелектенеді, тіндердің икемділігі төмендейді. Бронхтарда шырышты немесе іріңді құрамы бар тығындардың пайда болуы мүмкін. Ол өлімге де алып келуі мүмкін.