Сабақтың тақырыбы Тыныс алу үдерісі Зертханалық жұмыс №10 «Тыныс алу химизмін зерттеу»



бет1/3
Дата23.01.2020
өлшемі0,68 Mb.
#56363
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
сабақ (1)


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі: Жусипназарова Г.М.

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Мұғалім: Э.Т.Акимова, Ұ.Е.Маханбет

КДМ

Толық емес мәтіндер арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту

Күні: 20.01-24.01

Сынып 7

Бөлім 7.3A Химиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы (2 с)

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алу үдерісі

Зертханалық жұмыс

№10 «Тыныс алу химизмін зерттеу»

Қорытынды сабақ (бөлім бойынша жиынтық бақылау) БЖБ 3А №5



Оқу мақсаттары

7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Тыныс алу мен фотосинтез процестерін ажырата алу

Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің өнімдерін жазу

Тыныс алу процесінде жүретін реакциясын сөзбен жазу


Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер олар:

Тыныс алу процесінің химизмін сипаттайды.

Тыныс алу процесі мен фотосинтез процестерінің белгілерін ажырата алады.


Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу

Тілдік мақсаттар

Тыныс алу процесін фотосинтез процесімен салыстыра отырып сипаттайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тыныс алу, фотосинтез процесі, майлар, көмірсула, нәруыз (белок), оттек, көмірқышқыл газы, су, энергия, өсімдік, организм

Сыныптағы диалог: / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Тыныс алу үшін қандай газ қажет?

  • Тыныс алу нәтижесінде шығарылған ауа мен жұтылған ауаның құрамы қандай?

  • Тыныс алуда жүретін химиялық процесс қалай аталады?

  • Өсімдіктердегі фотосинтез бен тыныс алудың айырмашылықтары қандай?




Пәнаралық байланыс

Биология

Алдыңғы білім

7.2А Қарапайым химиялық реакциялар

7.2 В Жану реакциялары



Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

0-3 минут



Ұйымдастыру сәті. Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексереді және позитивті атмосфера қалыптастырады.Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру мақсатында оқушыларды «Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу.

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

4-6 минут



І. Өтілген тақырыпты пысықтау.

«Тізбек»:Тізбекті ең алғаш болып мұғалім сұрақ қойып бастайды. Келесі болып оқушы сұрақты көршілес отырған оқушыға қойып, тізбек жалғасады.

1.Адам ағзасындағы кездесетін химиялық заттарды атаңыз?

2.Қандай реактивтер бізге белокты анықтауға көмектеседі?

3.Ағзадағы белоктың рольі қандай?

4. Нәруыз қандай тағамның құрамында көптеп кездеседі?

5.Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында нәруыздар, витаминдер, көмірсулар, майлар кездеседі. Олар не күйінде кездеседі?

6.Нәруыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесе ме?

7.Май қандай тағамның құрамында көптеп кездеседі?

8.Қандай реактивтер бізге крахмалды анықтауға көмектеседі?

9.Құрамында крахмал бар затқа йодты қосқанда қандай түске өзгереді?

10.Құрамында крахмал бар екенін анықтау үшін қандай реакцияны қолданамыз?

11.Адам ағзасына витамин не үшін қажет?



12.Витамин қандай тағамның құрамында көптеп кездеседі? Іс-әрекет түрі: жеке қалыптастырушы бағалау: «Мақтау ,мадақтау» әдісі

2. «Сәйкестендіру»: Оқушылар химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерімен дұрыс жауаптарын сәйкестендіреді.

Химиялық элемент


Ағзадағы мөлшері


Фосфор

65%

Азот

9,5%

Көміртек

3,2%

Оттек

18,5%

Сутек

1,0%


3. «Химиялық гүл»

Тапсырма: Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Оларға гүл суреті бейнеленген қағаздар мен гүл күлтелеріне жазылған азық-түлік атаулары таратылады. Дұрыс жауаптарды гүл күлтелеріне орналастырады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет