Әдіс дегеніміз – қандай да басқару мақсатына жетуге қабілеті бар және басқаруға сәйкес әрекеттің түрін немесе бейнесін білдіреді. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін ынталандыру арқылы басқару ұжымының мүшелеріне ықпал етуі керек.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жекелеген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіндер:
жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, бақылау және т.б.
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етудісипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |