Реферат Тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары Орындаған: Е. А. Умерзаков Тексерген: М.Ү. Дүйсембаева Алматы 2020ж



бет4/5
Дата18.06.2020
өлшемі31,14 Kb.
#73870
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Ережелерді ендіру. Топтық пікірталас кезінде барлық ережелер қатысушыларға алдын ала ескертіліп, ол пікірталас барысында қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, студенттерді «біреу сөйлеп тұрғанда, басқалар тыңдауы тиіс» деген ережені ұстануға үйрету шарт. Егер бұл ереже сақталмаса, онда қосымша шарттар қарастырылуы керек:

Мысалы: қатысушыларға әлдеқандай зат – мысалы, кішігірім жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншық кімнің қолында болса, сол ғана сөйлейді де, қалғандары тыңдап отырады. Кей кезде мұндай ойыншықтың екеуін қатар қолдануға болады, ондайда оның біреуі тек жүргізушінің (яғни, жүргізуші екінші ойыншықтың қатысушылардың қайсысының қолында болғанына қарамастан, сөйлеу құқығын өзінде қалдыра алады) қолында болады да, ол қажет жерінде сөзге кірісіп отырады. Пікірталасқа қатысушы өзінің алдындағы сөйлеуші өзіндік ой қорытындысын жасағаннан кейін ғана пікірін білдіруіне болады

Пікірталас бірыңғай көзқарастың жоқтығынан әртүрлі пікірлер туындаған жайттардың төңірегінде өрбиді. Пікір-талас дегеннің өзі де пікір қайшылығы.

Пікірталастың бірнеше түрі бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет