Реферат Тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары Орындаған: Е. А. Умерзаков Тексерген: М.Ү. Дүйсембаева Алматы 2020ж



бет1/5
Дата18.06.2020
өлшемі31,14 Kb.
#73870
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат


Алматы қаласының Инновациялық Техникалық Колледжі



Реферат

Тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары

Орындаған:Е.А.Умерзаков

Тексерген:М.Ү.Дүйсембаева



Алматы 2020ж

Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр тұлғаның жеке пікірі болады. Ал ол ойды жеткізе алатындар бар, жеткізе алмайтындар бар. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Жаңа заманның талабы осы. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады: түсіндірме сұрақтар; қосымша сұрақтар; Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады: Пікіралмасу, Ойталас, Пікірсайыс, Ойбөліс, Айтыс, Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма тағы басқа еңбектер жайындағы әсер, туған ой. Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Бірақ, жаңа заман талабы мұны талап етеді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың да жолдары бар. Ол үшін түрлі пікірталас клубтарының сайыстарын көріп, тәжірибе жинаудың маңызы зор. Ал ең бастысы – білім екенін ұмытпаған абзал. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді. 



Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін де жеке пікір болу керек. Ал жеке пікір айта білу мен ойыңды орынды жеткізу үшін пікірталас жарыстарына қатысқан абзал. Пікірталас жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді. Пікірталас шеберлігі дегенге жеткілікті, жан-жақты біліммен қоса, пікірталас түрлерін, мақсатын, олардың ерекшеліктері мен негізгі талаптарын, сөзталас мәдениетін, онда жиі қолданылатын амал-тәсілдерді жетік меңгеру жатады. Ал пікірталас жарыстарына қатысқанда ескерер жайттар болады. Біз бүгін пікірталас мәдениетіне жататын сол жайттарға тоқталатын боламыз. Пікірталаста ой мен сөздің бірлігі – жеңіске жеткізетін құрал. Бәрінен бұрын пікірталастың тақырыбына қатысты ұғымдарды анықтап алып, қажетті сөздер мен терминдерді дәл тауып қолдану қажет. Әсіресе ғылыми терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн. Пікірталасқа түскендердің бәріне бірдей қолданылған сөздер түсінікті болуы қажет. Кейде көпмағыналы сөздердің әсерінен түсінбестіктер орын алуы мүмкін. Сондықтан көпмағыналы сөздерді дұрыс іріктеп қолданбау сөйлеудегі қателікке ұрындырады. Сондықтан кейбір жағдайларда сөзді қандай мағынада жұмсап тұрғаныңды айтып қойған да жөн. Сөз мағыналарымен жұмыс істеу мақсатында түсіндірмелі және этимологиялық сөздіктерді жиі қолдану қажет. Пікірталаста барлық пікірге бірдей қарсы шыға беруге болмайды. Кейде қарсыласыңның келтірген дәлеліне келіскен де дұрыс. Бірақ келісе отырып, ол дәлелдердің пікірталас тақырыбына тікелей қатысы жоқ екендігін түсіндіре алу қажет. Сөйтіп, өз көзқарасыңның дұрыстығын қорғай алу қажет. Егер қарсы жақтың келтірген дәлелдері ақылға сыйымды, орынды болса, оған қарсы шығудың керегі жоқ. Қасарысқан қыңырлық еш уақытта пікірталасқа нәтиже бермейді. Пікірталас мәдениетінде қарсыласыңды құрметтеу, пікірін сыйлау, оны сабырлықпен тыңдай білу керек. Оның дәлеліне нанымды дәлелдермен тойтарыс беруге болады, бірақ дөрекі сөздермен, мазақ күлкімен жәбірлеуге, дауыс көтеріп ұрысуға мүлдем болмайды. Өзгелердің көзқарасын құрметтей білу – ойлы, ақылды, білімді адамдардың ісі. Пікірталаста қызбалыққа салыну орынсыз. Эмоцияға берілген адам қарсы жақтың пікірін түсінуге, тыңдауға құлықсыз болады. Керісінше, салқынқанды, сабырлы, өзін-өзі ұстай алатын адам әр уақытта жеңіске жетеді. Себебі ол анық, айқын, байыпты ойлай алады. Сондықтан сабырлылықты пікірталаста сақтай білу – сайысшы үшін маңызды қасиет. Көпшілік алдындағы сөз секілді, пікірталастағы сөздің күші – әсер ету мүмкіндігінде. Ол неғұрлым айқын, неғұрлым нақты болса әсер ету күші де соғұрлым күшті болады. Сөздің дұрыстығы, дәлдігі, жатықтығы, тазалығы – ой айқындылығының басты шарттары. Сондықтан пікірталас мәдениетінің басты талабы сөздерді мағынасына сай орынды жұмсай білу керек. Пікірталаста ойды анық жеткізудің басты тәсілі – сөздің грамматикалық құрылысын меңгеру. Грамматиканың заңдылықтарын игеру сөйлемді мақсатына сай құру үшін керек. Ойды жеткізу тәсілдерін мәтінмен жұмыста үйренуге болады.

Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Бар жерде демократия да өрістейді.

Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді. Пікірталас шеберлігі дегенге жеткілікті, жан-жақты біліммен қоса, пікірталас түрлерін, мақсатын, олардың ерекшеліктері мен негізгі талаптарын, сөзталас мәдениетін, онда жиі қолданылатын амал-тәсілдерді жетік меңгеру жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет