Пікір алмасу - латын сөзі, беретін мағынасы “зерттеу”, “талқылау”, “талдау”. Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу - дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Пікірталастың бірнеше түрі бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар.
Пікір алмасу - латын сөзі, беретін мағынасы “зерттеу”, “талқылау”, “талдау”. Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу - дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы сөзі де латын тілінен алынған, мағынасы - “ой жүгірту”, “жарыссөз”, “айтыс”. Ойталқы - ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыстың табиғаты өзгешелеу. Оны бұл сөздің шығу төркіні де айқындайды. Пікірсайыс - көне гректің сөзі, мағынасы - “соғысқұмар”, “жаулық”, “дұшпандық”. Әрине, бүгінгі мағынасы басқаша: бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл - жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітіспестік, пікірдегі қарсылық. Осы анықтамалардан көріп отырғанымыздай, пікірсайыс, пікір алмасу ойталқыдан бөлектенеді. Пікір алмасуға, ойталқыға қатысқандар пікір алшақтықтарын талқылай келе, бір пікірге тоқталуға, ортақ шешім шығаруға, шындықты қалпына келтіруге тырысады. Ал пікірсайыстың мақсаты басқа: қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Сөйтіп, сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі.
Пікірсайыс бұлтартпас дәлелдерге, ғылыми аргументтерге жүгінеді. Пікірсайыс, әсіресе адами құндылықтар мен адам құқығы жөнінде жаңа көзқарастар туындаған кезде қоғамдық пікір қалыптастыру үшін өте-мөте керек.
Достарыңызбен бөлісу: |