Плаун тәрізділер бөлімі (плауновидные)- lycopodiophyta Жалпы сипаттамасы. Қазіргі кезде біздің планетамызды мекендейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, плаун тәрізділер (Lycopodiophyta) өте ертеде пайда болған өсімдіктерге жатады. Плаун тәрізділер өзінің даму билігіне палеозой эрасының соңында көтерілген. Қазіргі кезде плаун тәрізділердің аздаған ғана туысы мен түрлері кездеседі, олардың өсімдіктер дүниесінің құрамының қалыптасуына қатысы шамалы. Бөлімнің қазіргі кездесетін өкілдерінің барлығы мәңгі жасыл, сырт қарағанда кейбір жасыл мүктерге ұқсас болып келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кезде жойылып кеткен плаун тәрізділердің ішінде шөптесін өсімдіктермен бірге, үлкен ағаш тәрізді формалары да болған. Плаун тәрізділердің көпшілігіне спиральдың бойымен орналасқан жапырақтары бар бұтақтардың болуы тән. Кейде жапырақтары қарама- қарсы немесе топталып орналасады. Кейбір плаун тәрізділердің жапырағының түбіне жақын жерде, оның ішкі өске қараған жағында кішірек шұңқырға батып тұратын өскіні болады. Оны тілше немесе лигула деп атайды. Сабағының жер асты бөлігі, бір плаун тәрізділерде түрі өзгерген жапырақтары және қосалқы тамырлары бар нағыз тамырсабаққа ұқсас болып келеді. Ал екінші біреулерінде ерекше «ризофор» деп аталынатын орган түзіледі, онда спиральдың бойымен орналасқан тамырлары болады. Плаун тәрізділердің тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Плаун тәрізділердің жер беті және жер асты өстері төбелік меристемалары арқылы өседі. Олардың белсенді (инициальды) клеткалары келешегінде бөліну мүмкіндігінен айырылады, сондықтанда плаун тәрізділердің аздап қана өседі.Олардың белсенді (детерминирован) және олар бірдей уақытта өледі, ал тең болмаған жағдайда бұтақтардың біреуі өзінің өсіп дамуын екіншісінен бұрын аяқтайды. Плаун тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы стельдердің әртүрлі типтеріне байланысты болып келеді. Өсімдіктің онтогенезінде стельдің бір типінің екіншісіне ауысып отыруы заңды түрде жүретін процесс, оны төбелік меристеманың көлемінің өзгеруінен айқын байқауға болады. Осы бөлімнің қазіргі кезде жойылып кеткен ағаш тәрізді және кейбір шөптесін өкілдеріне, сабақтарының және ризофораларының екінші рет жуандауы тән, ол қалыпты жағдайдағы немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған камбийдің қызметіне байланысты. Плаун тәрізділердің ішінде тең споралы және әртүрлі споралы өсімдіктер бар және гаметофиттері (өскіншелері) бір-бірінен айқын ажыратылады. Әртүрлі споралары өсімдіктердің жапырақтарының тілшесі болады. Плаун тәрізділердің спораларының әдетте үш жақтауы, тетрадалы тігісі болады. Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.