Реферат тақырыбы: Плаун тәрізділер Орындаған: Суйеркулова д тобы: Ап-21-1к Қабылдаған: Сапарханова А



бет3/6
Дата11.05.2022
өлшемі47,62 Kb.
#142161
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Плаун тәрізділер

Классификациясы.
Bryophyta бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктері класы (Hepatiopsida), антоцероттар класы (Anthoctrotopsida) және жапырақты сабақты мүктер класы (Bryopsida). Айта кеткен жөн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады. Мүк тәрізділерді инвентаризациялау әлі күнге дейін аяқталмаған, әсіресе бриологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүк тәрізділердің түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге дейін (кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000-дейін) жапырақты-сабақты мүктер (700-ден аса туыс) және 300-дей түрін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүк тәрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады. Мүктер ылғалы мол жерлерде өседі. Олар нағыз сабақты, жапырақты көп жылдық, сирек бір жылдық өсімдіктер. Тамыр болмайды, тамыр қызметін ризоидтар атқарады. Топырақтан су мен минералды заттарды, ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез үрдісінде органикалық заттар синтезделеді. Сондықтан мүктер автотрофты ағзалар болып табылады. Мүктердің жасыл және шымтезек мүгі деген екі түрі бар. Жасыл мүк( көкек зығыры) топырақтың бетін тұтастай жауып жатады. Бойына көп мөлшерде су жинайтындықтан, орманның батпаққа айналуына себепші болады. Екі үйлі өсімдік. Аналық өсімдік бір жылдық, ал аталық өсімдік көп жылдық. Сабағы бұтақтанбаған, механикалық ұлпа болғанымен, сабақтың ішкі құрылысы қарапайым. Сабақтың ортасында шоқ орналасқан. Сабақты, жапырақты аналық өркеннің ұшында колба тәрізді архегонии, аталық өсімдіктің өркенінің ұшында қызыл – қоңыр жапырақтармен қоршалып антеридии жасалады. Антеридии ішінде талшықтары бар сперматозоид жетіліп, архегониидегі аналық жасушаны ұрықтандырғаннан кейін қауашақ жетіледі. Онда спора түзіледі. Пісіп – жетілген спора қауашақтан шашылып, қолайлы жағдайда өніп, балдырға ұқсас өскінше пайда болады. өскіншедегі бүршіктен жас мүк дамиды. Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде кездеседі. Ақшыл – жасыл түсті болғандықтан ақ мүк деп те аталады. Оның ұсақ жапырақтар жиі орналасқан сабағы бұтақтанып кеткен. Ризоид болмайды, суды бүкіл денесімен сіңіреді. Сабағындағы ірі өлі бос жасушалар ауаға толы болғандықтан қураған мүк те ақ түсті. Шымтезек мүгі ұшынан өсетіндіктен, төменгі бөлігі өліп, ауа аздығынан шымтезекке айналады. Ол бір үйлі қос жынысты өсімдік. Жасыл мүк тәрізді жынысты және жыныссыз жолмен көбееді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет