Жеке-даралық мәселелер бұл адамдардың жеке-дара дамуына кедергі келтіретін, олардың адами және психикалық денсаулықтарын, хал жағдайлары мен жалпы өнімділігіне нұқсан келтіретін қиындықтар.
Топтық-ұжымдық мәселелер бұл топта қатынасу үрдістерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалының нашарлауы және топ дамуының бәсеңдеуі. Деструктивті кикілжің ұжымдық проблеманың мысалы ретіне алынуы мүмкін. Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтың талаптарына сәйкес келмеуінен олардың кәсіби іс-әрекетінде туындайтын мәселелер іс-әрекеттік деп аталады. Олар әрі жеке-даралық, әрі топтық болуы мүмкін. Жұмысқа қызығушылықтың жоғалуы шешіліп жатқан міндетке шоғырлана алмауының қызметтегі сәтсіздіктерге ауыр эмоциялы реакция – іс-әрекеттік немесе психологиялық проблемалардың мысалы.
Психологиялық мәселелердің көбісінің негізінде тұлғаішілік немесе тұлғааралық кикілжің жатыр. Кикілжің әртүрлі адамдардың қарама-қарсы әрекеттерінің көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жоспарларының немесе бір адамның пікірлерінің, қажеттіліктерінің қақтығысуындағы психикалық күй үстіртін, ұғымдар бөлімінде бұл кикілжің, әртүрлі алатуы мүмкін. Бұл жәйт кикілжіңдердің әртүрлі типтері жайлы немесе оның қайта аталуын айғақтайды.
Практикалық психологияның өзіндік тарихи тамырлары бар. Психологияның өзі алғашқыда практикалық психология деп тіршілік еткен ілкі заманнан бері психологиялық қызметтердің шеңбері кең әрі әртекті болды. (көрегенділіктер өмірлік даналықты қиын жағдайлардан шығу жолын іздеу, діні жаралар және окультты процедуралар, йога, буддизм және т.б). Адамдарға психологиялық көмек көрсетудің кейбір жағдайлары құранда сипатталған. Кәсіби психологқа жатпайтын адамдардың көпшілігі психологиялық арқауға зәру адамдарға тиімді көмек көрсетуге қажет қабілетерге ие.
ХХ ғасырдың басында В.Штерке, Г.Мюнстерберг және басқалардың ықпалымен дамыған психотехника. Практикалық психология негізін салушы ғылымдардың бірі болып табылады. Психотехниканың негізгі міндеттері кәсіби іріктеу мен бағдарлауды жүзеге асыруда, іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне даярлауда психикалық қызметтерді жаттықтыруда, жарнама тиімділігінің психологиялық жағдайларын зерттеуде байқалды. Қазіргі таңда «психотехника» сөзі кейде практикалық психологияның қайсыбір саласында қолданылатын тәсілдердің жүйесін белгілеуде қолданылады.
Ресейде практикалық психология соңғы 25-30 жылда дами бастады. Отбасылық психологиялық – педагогикалық, дәрігерлік-психологиялық, кәсіби бағдарлаушы психологиялық қызметкер пайда болады. Практикалық психологтар мұғалімдермен, психиатрлармен, невропатологтармен әлеуметтік қызметкерлермен өзара әрекет етеді. Олар өндірісте де, клиникаларда да, әрі қарттар үйлерінде де қызмет етеді.
Өмірдің қиын жағдайларын тап болған адамдарға дәрігерлік емес көмек көрсету және мінез-құлықтағы ауытқуларды психологиялық түзету практикалық психологтың міндеттерінің бірі болып табылады.
2. Практикалық психолог психологиялық ғылымдардың жүйесіндегі маңызды үзбелі. Оның қолданылуы мен дамуы тұтастай психологияның жетілу дәрежесін, оның өмірдің шынайы міндеттерін шешу қабілетін дәлелдейді.
Ол психологиялық білімнің бүкіл жүйесінің ерекше өзгерісін білдіреді. Сол себептен академиялық мекемелерден тыс қызмет ететін психолог психологияның қайсыбір тармақтары мен тақырыптары психологияның академиялық саласына жататындықтан, әрі оның өзінің нақты күнделікті қызметінде іздеген шешімдерге селқос болғандай көрінгендіктен алдын-ала олардан бас тарта алмайды.
Практикалық психолог психологиялық ғылымның жалпы пихлогия және дифференциалды психология сияқты салаларына арқау етеді. Әлеуметтік психология тұлға психикасының топтар және адамдар басқа да қоғамдастықтарының психологиясының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейді.
Оның өзегі – адамдар қарым-қатынастарының механизмдері – психологтың клиентпен және басқа да адамдармен кәсіби өзара әрекеттестігінің негізін құрайды. Әлеуметтік психологияның практикалық психологиямен байланысы «қолданбалы әлеуметтік психологияның» көркемделуінде дәлелденеді. Оны әлеуметтік психологияның диагностиканың, кеңес беру мен ықпалдың немесе әлеуметтік технологиялардың жиынтығы ретінде анықтайды.
Дифференциалы психология индивид пен топтардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейді. Психологияның осы саласының тәжірибелі міндеттерімен байланысы тым тығыз. Оның барлық бөлімдері іс-жетекшінің әртүрлі салаларында пайда болған. Мектепке оқуға келген балалардың ішінен дамуы тежелген балаларды анықтап, оларға арнайы сыныптарды құру, қайсыбір мамандықты меңгеруге едәуір жарамдыларды іріктеу, психотерапияның түзету мен кеңес берудің даралық бағдарланған тәсілдерін құру сияқты сұраныстардың ықпалында қалыптасады.
Психотерапия практикалық психологияның қалыптасуының эмпирикалық базасы болып табылады. Психотерапияның медициналық аумағынан біршама оқшаулануы бұл процестегі елеулі оқиға болды. Зигмунд Фрейдтің кейбір психикалық аурулардың себептері медицинаның аумағынан тыс жататыны және емдеудің таза медициналық әдістері мен жазылмайтыны жайлы идеясы біршама рөл ойнайды.
Сезілмейтін кешендер ұмыт болған балалық шақтағы дау-дамайлар, ығыстырылған әуестіктер және т.с.с. Патологиялық болып табылмаса да, көптеген қайғы мен кикілжіңдердің себептеріне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |