Реферат Тақырыбы: «Прокурорлық қадағалаудың айырықша белгілері»


-бап. Тексерістер жүргізу тәртібі



бет3/4
Дата06.12.2022
өлшемі50,25 Kb.
#161556
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Прокурорлық қадағалаудың айырықша белгілері

7-бап. Тексерістер жүргізу тәртібі
1. Прокурор, мына жағдайларды:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін тексерістерді;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


3) тексеріс тағайындауға осы органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болған жағдайды қоспағанда, құзыретіне тексеріс жүргізу кіретін уәкілетті мемлекеттік органға тексеріс жүргізуді тапсырады.
Құзыретті орган прокурорға тексеріс нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде хабарлауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерісті прокурор жүргізеді.
Прокурор осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тексерісті тағайындауға және жүргізуге құқылы.
3. Тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылады, ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі.
Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің ауқымдылығына байланысты айрықша жағдайларда оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге және Бас Прокурормен, оның орынбасарымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша ғана ұзартылуы мүмкін.
Сараптама тағайындалған, сондай-ақ шет мемлекеттерден мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайларда - оларды алғанға дейін, сондай-ақ тексеріс жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда тексеріс тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тексерістерді тағайындау туралы қаулыларды тіркеудің осы тәртібі және оларды жүргізу мерзімдері қылмыстық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі туралы заңнама шеңберінде жүргізілетін тексерістерге қолданылмайды.
4. Тексерісті тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана тексеріс жүргізе алады.
5. Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) егер құжаттар, ақпарат тексеріс объектісі болып табылмаса немесе тексеріс нысанасына жатпаса, олардың берілуін талап етуге;
2) тексеріс жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
3) тексерілетін субъектінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруге құқылы емес.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет