Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Е.A.БӨКЕТОВ атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Сақтар туралы мәлімет
Орындаған: Сапарова Асылай
Тексерген :
2023 жыл
Жоспар:
Сақтар ,Сақтар тайпасы
Саяси тарихы
Шаруашылығы
Қоғамдық құрылысы
Мәдениеті
Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Массагеттер туралы Страбонның айтқандары
Сақ, Сақтар тайпасы Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттермен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Саяси тарихы Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық — гректер Орта Азияға баса — көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды. Сонымен қатар, сақтар өздерінің солтүтік, шығыс және батысындағы көршілерімен туыстық, саяси, шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық қазба жұмыстары сақтардың ежелгі дүние өркениеттері – Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістанмен сауда және мәдени байланыстарының болғанын дәлелдейді.