Реферат тақырыбы: Сақтар туралы мәлімет Орындаған: Сапарова Асылай Тексерген : 2023 жыл Жоспар


Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым



бет5/5
Дата24.10.2023
өлшемі206,89 Kb.
#187816
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
сактар реферат

Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым 
күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самрұқтар көріне бертін болғпн. Осынау образдардың мифиология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі Митра «Авеста – Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығысының төбесіне қабалған қанатты тұлпарлар бейнелері – ол күн күймесі. Қанатты тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Аполлонның күймесін аспанда қанатты пырақтар зулатып алып бара жатады.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайының символы болған. Үндіиран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт пырақ немесе төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді.
Сақтардың әлемнің (космостың) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі-гармония, олардағы бір нәрсенінің ұйымдастырушылары Митра, Вауна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі-моделі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген
Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау бауырындағы «жер айуандары»: жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін – жерасты дүниесін – жер мен аспан бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын: шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс деп есептеген. Осындай мұрақты – тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар. Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ – скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі,олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып-сіңуі, көшпелілер иделогиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.

Қолданылған әдебиеттер :
1. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. Аманжолов К.
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 1 – том.
3. Көне түріктер. Л.Н.Гумилев.
4. Түркі халықтарының тарихы. Аманжолов К.
5. Қазақстан тарихы. Очерктер. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет