Реферат тақырыбы: сауат ашу пәНІ, мақсаты, міндеттері


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі44,8 Kb.
#87786
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
дизартрия Абдуллина Толкын
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................

11­

12












КІРІСПЕ
1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Сауат ашудың мақсаты, міндеттері, мазмұны

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек.


Алғашқы оқу барысында мынадай
ерекшеліктер ескеріледі:
1) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
2) сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту
минуттары өткізіліп отырады;
3) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты
әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
4) үйге тапсырма берілмейді;
5) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге
асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі
дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа
тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді
дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп,
оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы
жазудың каллиграфикалық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз
ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді кқшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет