Реферат Тақырыбы: Сиырлардың остеодистрофиясын рентгенеологиялық зерттеу Орындаған: Жексенова Аружан Тексерген: Шалғынбек Е. Ж



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі75,28 Kb.
#171205
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Та амды майларды ветеринариялы санитариялы


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық медицина кафедрасы


Реферат
Тақырыбы: Сиырлардың остеодистрофиясын рентгенеологиялық зерттеу

Орындаған:Жексенова Аружан
Тексерген:Шалғынбек Е.Ж.

Алматы, 2022 жыл


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Буаздық кезіндегі остеодистрофия

  2. Сиыр мен қой остеодистрофиясы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Рентгенологиялық диагностикада рентгендік сәулеленудің келесі қасиеттері - мөлдір емес денелерден өтіп, ұлпалардың тығыздығына байланысты рентген сәулесінің мүшелерде түрлі қарқында сіңірілуі қолданылады.Рентгенологиялық зерттеуде ағза арқылы біркелкі рентгендік сәуле шоғырын өткізеді. Физикалық заңдарға сәйкес ауру жануар мүшелерінен өткен рентген сәулесінің сіңірілу коэффициенті әртүрлі,сондықтан ол мүшелерден шыққанда біркелкі болмайды. Рентгендік сәулелену көзге көрінбегендіктен оны бақылау үшін арнайы э ран немесе рентгендік пленка пайдаланылады. Рентген сәулесінің ағзалардың оптикалық тығыздығына байланысты әртүрлі сіңірілуіне байланысты, экрандағы көріністе зерттеліп отырған мүшелер ашық немесе қараңғы көлеңке береді. Жануарлардың денесінен өткен рентген сәулелері тығыздығы аз жерлерді экранда - «ашықтану», ал тығыздығы жоғары жерлердегі қараю аймағын - «көлеңкелену» дейді.Жануарларды экран арқылы зерттеу - рентгеноскопия деп аталады.Экрандағы түрлі-түсті көріністер қалай көрінсе, солай айтылады, ал рентгенограммада керісінше, ашықтануды «көлеңкелену» деп, ал көлеңкеленуді - «ашықтану» деп атайды. Рентгенографиялық тәсілде дәрігер рентгенолог негативті көріністі бағалайды, сол себепті рентгенограммадағы суреттің түсі экрандағы көрініспен салыстырғанда қарама-қарсы болады. Осыған байланысты рентгендік тілге үйрену қажет. Мүшелер мен ұлпалардың, олардың тығыздығы мен көлеміне байланысты рентген сәулесін әртүрлі сіңіруін нағыз контрастылық дейміз. Бұл қасиет рентгендік көріністі алуға мүмкіндік туғызады. Көптеген ағзалар, әсіресе іші қуыс мүшелер (қантамырлары, ішек-қарын ағзалары) рентген сәулесін бірдей сіңіреді, сондықтан оларда табиғи контрастылық байқалмайды.Мұндай жағдайда ауруларды балау үшін арнайы рентгенконтрасты заттар қолданылады.Іші қуыс мүшелерді контрасты заттармен толтыру оның тығыздығын қоршаған ортаның тығыздығынан азайтып немесе керісінше көбейтіп,рентген сәулесін түрлі деңгейде сіңіруге мүмкіндік береді.Контрасты заттарды белгілі бір мүшенің қуысына, сол мүшенің айналасына, қан тамырларына, паренхималық мүшелерге енгізуге болады. Рентгендік көріністің қорытындысын балауда әртүрлі тереңдікте орналасқан мүшелердің көлеңкелері рентгенограммада біркелкі және күрделі беретіні ескерілуі керек.Сондықтан,жалпылама көлеңке рентгенограммадағы патологиялық өзгерістерді анықтау үшін ек - тік және қаптал (жанынан) проекцияларда түсірілуі керек. Әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметін зерттеу үшін рентгенолог рентгенологиялық зерттеулердің бірнеше тәсілдерін қолданады. Ауру жануарларды зерттеуде әрбір тәсіл атауы, өзіндік әдісі, қолдану ерекшеліктері мен арнайы дайындықтан өткізу жолдары бар.Клиникалық және зертханалық зерттеулермен бірге рентген сәулесін қолдану ауру малға толық және дәл диагноз қоюға мүмкіндік туғызады.Ветеринариялық тәжірибеде рентгенологиялық зерттеудің бірнеше түрі қолданылады: рентгеноскопия (рентген сәулесі арқылы ағзалар мен мүшені монитордан көру), рентгенография (ағзалардың кескінін рентгенограммаға түсіру) және флюорография тәсілдері.
Дистрофия ( dys - бұзылу, trophe - қоректену ) - клеткалардың тканьдердің құрылымының зат алмасуы бұзылуы салдарынан өзгеруі сондықтан дистрофияны зақымданудың бір түрі ретінде қарастырады. Дистрофия кезінде клеткаларда, ткандерде қалыпты жағдайда кездесетін заттардың жойылып кетуімен сипатталатын потологиялық процесс.дистрофиялық өзгерістерге ұшыраған мүшелердің тканьдердің қызметі бұзылады. Дистрофия түрлерінң морфологиялық ерекшеліктері әдетте торша мен тоқыма деңгейінде анықталады, оларды гистохимиялық әдістер мен де анықтауға болады. дистрофиялық өзгерістер өте айқын болса дистрофия түрін мүшенің сыртқы көрінісі қарап ажырату қиын емес. Дистрофия түрі өте көп мүше паренхимасы мен стромасының зақымдану дәрежесіне қарай ол паренхималық, мезенхималық және аралас дистрофиялар болып ал бұзылған зат алмасуының түріне қарай протейндік, майдан, көмірсулық және минерадық дистрофиялар болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет