Реферат Тақырыбы: Үсіктерді ( бозқырауларды) болжау Орындаған



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#189955
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
С

Радиациялық үсіктер.
Орташа тәуліктік температуралар салқын 
және жел болмайтын, аспан ашық болған түндерде жылудың аспанға 
сәулелену нәтижесі арқылы жер бетінің күшті салқындауына байланысты 
болады. Осындай жағдайда жер бетінің және шөп жамылғысының 
маңайында орта есеппен температура 2,5-3,0 С төмен, ал Солтүстік 
Қазақстанның континенталды климат жағдайында 4,0-4,5 С төмен болады.
Адвективті-радиациялық үсіктер
. Аспан ашық болған кезде жер 
бетінің түнде салқындауына және арктикалық суық ауаның кіруіне 
байланысты пайда болады.
Адвективті үсіктер өте ұзақ уақытқа созылады. Радиациялық үсіктер 
түні бойы болып, таң атқан кезде күшейеді. Адвективті-радиациялық 
үсіктер көктемнің соңында және жаздың бас кезеңінде байқалады. Бұл 
ызғарлар вегетациялық кезеңге сәйкес келеді.
Ауыл шаруашылық дақылдарды үсіктерден сақтау үшін бірнеше 
шараларды қолданады: 


Түтіндету.
Ауыл шаруашылық дақылдарды ызғарлардан сақтау үшін 
бұл тәсілді ежелгі заманнан қолданады. Ол үшін әртүрлі жанатын -дымқыл 
шөпті, шымтезекті, қалдықтарды немесе басқа жадығаттарды қолданады. 
Түтінденетін үйіндісін жаққан кезде температура 1-2 С көтеріледі және 
жылудың жер бетінен аспанға көтерілуін азайтады.
Өсімдіктерді жабу.
Өсімдіктердің үстінен пленка, қалың қағаз, мата 
жабады. Кейде өсімдіктерді топырақпен жауып тастайды.
Суару.
Суарған кезде шық пайда болу температурасы жоғарылайды.
Егістіктерді арасын ұшақтардың қозғалтқыштары арқылы үрлеу. 
/ТМС машинасы/.
Өсімдіктер зақымданатын немесе солатын температураны қиын-қыстау 
температурасы деп атайды. Бұл температура өсімдіктің жағдайына, түріне, 
сортына және даму фазасына байланысты болады. В.Н. Степанов ауыл 
шаруашылық дақылдарды олардың төменгі температураға төзімділігіне 
қарай бес экологиялық топқа бөледі:
Ең төзімділер
, даму кезеңінің басында олар қысқа мерзімді -7...- 10ْ 
С үсіктерді шыдайды. Оларға жататындар жаздық дәнді және дәнді бұршақ 
дақылдар. Бірақ масақтану кезеңінде олар -3...-4ْ С, гүлдену кезеңінде -1...-
2ْ С болған кезде зақымданады. 
Төзімділер.
Дамуының бас кезеңінде олар -5..-7ْ С, гүлдену кезінде -
2...- 3ْ С үсіктерді шыдайды. Бұл топқа тамыр жемістілер, иіргіш дақылдар 
/зығыр, кенеп шөп/ кейбір майлы дақылдар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет