Орташа тәуліктік температуралар оң болған
кезде жер бетінің немесе
ауа температурасының төмендеуін
үсік
деп атайды. Қазақстан бойынша
үсіктер барлық жерлерде кездеседі. Сондықтан олардың
пайда болуы және
ауыл шаруашылық өсімдіктерге әсерін зерттеудің маңызы өте жоғары.
Үсіктер туралы мәліметтер территорияларының үсікке қауіптілігін
бағалау және жылу сүйгіш өсімдіктердің орналастырылуын негіздеу үшін,
ауыл шаруашылық дақылдардың себу және
өнім жинау мерзімдерін
анықтау үшін қажет, аязға төзімділігін селекция арқылы көтеру, сонымен
қатар өсімдіктерді бұл қауіпті метеорологиялық құбылыстан қорғау үшін
күресу шараларын әзірлеу қажет. Қоңыржай климат аймағында
көктемгі
және қысты күнгі ызғарлар әдеттегі метеорологиялық құбылыс. Ауыл
шаруашылық дақылдарға вегетациялық кезеңінде болатын ызғарлар өте
қауіпті. Өте қауіптілер бұл көктемде кеш болатын және ерте күзгі
бозқыраулар. Ызғарлардың пайда болуына әсер ететін үрдістерің
түрлеріне және ауа райына байланысты ызғарлардың үш түрін айырады:
Адвективті үсіктер
. Арктикадан
келген суық ауаның келуіне
байланысты әдетте көктемде және күзде пайда болады. Бұл кезде жер
маңайындағы
ауаның
температурасы
төмендейді.
Тәуліктік
температурасының амплитудасы үлкен болмайды, жер бетінің маңайымен
екі метр биіктегі ауаның температурасының айырмашылығы өте аз болады.
Адвективті үсіктер бірнеше тәулік бойы болу мүмкін, үлкен
территорияларда
байқалып, жергілікті жағдайлардың оларға әсері төмен
болады.