Реферат тақырыбы: Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны


Мысалдар: 1.Он алтыға толған қызды қазақтың піскен жеміске балайтынын Шәйі білетін



бет3/4
Дата01.12.2022
өлшемі26,26 Kb.
#160779
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін

Мысалдар:

1.Он алтыға толған қызды қазақтың піскен жеміске балайтынын Шәйі білетін.


Шәйі білетін – қиыса байланысу.

2. Жәрмеңкеден ұзай бере жігітті Шәйі сөзге тартты.


Шәйі сөзге тартты –қиыса байланысу.

3. Ол сөздің мәнісін Шәйі түсінді, бірақ үндемей елп ете қалмады.


Шәйі түсінді – қиыса байланысу.

4.- ... Жібекжан, ұйқы тәтті ме, Тазабектің қойны тәтті ме, - қайсысы?


Тазабектің қойны – матаса байланысу.

5.Тазабек тысқа шығысымен, Жүзік көрпені Шәйінің үстінен жұлып алды.


Жүзік жұлып алды – қиыса байланысу.

6. Қазақ пен қырғызды кіріптәр қылып, қалмақтың тілеуін Құдай беріпті.


Қалмақтың тілеуі – матаса байланысу.

7. Тазабек шауып бара жатып артына еңкейіп қарағанда, қалың қау ішінен қараң еткен бір әскерді байқады.


Қалың қау – есімді сөз тіркесі арқылы қабыса байланысу.

8. Санасын сенделткен ой - жан шақыру.


Ой - жан шақыру – жанаса байланысу.

9. Бірін араб, бірін орыс тілінмен оқыту Тазабекке қиындау соқты, бірақ әрі қызық, әрі жауапты жұмыс болып шықты.


Тазабекке қиындау соқты - барыс септігі арқылы жасалған меңгеру.

10. Күздің алғашқы суығы сай-сайды тінте бастағанда, Тазабек қыстың қамын ойлай бастады.


Күздің суығы – матаса байланысу.
Тазабек ойлай бастады – қиыса байланысу.

11. Тәуірбаладан мән-жайды естіп білген Үминә бұлар күтпеген қылық танытты.


Үминә танытты – қиыса байланысу.

12. Кітапбек бұларды қызы бар бірер үйге алып барды.


Кітапбек алып барды – қиыса байланысу.
Үйге алып барды – барыс септігі арқылы жасалған меңгеру.

13. Тәуірбала атынан түсе сап сәлем салды.


Тәуірбала сәлем салды – қиыса байланысу.

14. Кітәштің көңілі көрінгенге құлай бермейді.


Кітәштің көңілі – матаса байланысу.

15. Басыңа күн туғанда ағайыннан артық қамқоршы жоқ екеніне Тазабектің көзі тағы жетті.


Тазабектің көзі – матаса байланысу.
(Сөйлемдер Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай!» кітабынан алынды)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет