1.1.Сауда саласындағы ынтымақтастық.
Сауда қатынасы–бұл мемлекеттердің экономикалық ынтымақтасты- ғының
маңызды саласы болып табылады.
Қазақстандық тәжірибе мен доктринада сыртқы экономикалық келісім
түсінігі жоқ ,сондықтан сыртқы экономикалық келісімде: біріншіден, "Сыртқы
экономикалық келісімдер жасалатын саланың қатынастар аясы анықталады"
Сыртқы экономикалық келісімдерге- подряд келісімі; айырбас келісімі;
түрлі өндірістік объектілерді салудағы техникалық жәрдем көрсету жөніндегі
келісімдер жатады.
Кез келген мемлекеттің сыртқы сауда саясаты ішкі саясатпен тығыз
байланысты. Сондықтан оның мазмұны сол елдегі ұлттық шаруашылық шеңберінде
шешілетін нақты қоғамдық қатынасымен, өндірістік күштердің даму деңгейімен
анықталады. Сыртқы экономикалық саясаттың басты мақсаты елдің ішкі
кеңейтілген қайта өндірісіне қолайлы сыртқы жағдайлар жасау болып табылады.
Халықаралық сауда құқығының негізгі көзі- елдер арасындығы сауданың
халықаралық- құқықтың принциптерімен жағдайларын анықтайтын сауда
келісімдері болып табылады.
Сауда келісімдері келісушілер жақтардың бір- біріне көрсететін құқықтық
тәртіпті қалыптастырады. Неғұрлым жоғары дәрежеде қолайлы жағдай туғызу
негізінен кедендік салық пен хаттау, салық салу немесе ішкі рыноктағы
тауардың сату-сатып алу, тасымалдау, бөлу мен импортталған тауарларды
пайдалану ережесін қамтиды[3].
Сонымен қатар келісімдерде түрлі ұйымдар мен өнеркәсіптер арасындағы
сауданы мадақтау туралы, ынтымақтасудың маңызды бағыттары туралы,
өкілдіктерді ашу туралы, өзара есеп айырысу туралы, сауда саласындағы
белгілі бір шектеуліктерді енгізу жағдайлары туралы шарттар көрініс тапқан.
Сауда келісімдерін рамкалық келісімдер категориясына жатқызылды.
Осыған байланысты сауда айналым келісімі жасалады. Мұнда келісуші
жақтар жеткізілетін тауарлардың белгілі континентін анықтайды, яғни олардың
аты жөнін, сандық сипаттамасын өзара тиімді жағдайлары мен міндеттерін және
тағы басқалар болып табылады.
Сұраныс пен ұсыныс арағы тиімді арақатынасқа жетуге бағытталған тауар
келісімдері де таралған. Бұған табиғи каучук, қант, какао, тропикалық ағаш
және тағы басқа жөніндегі көп жақты келісімдер жатады.
Сыртқы экономикалық келісімдерді құқықтық реттеуде аймақтық және
әмбебап сипаттағы халықаралық келісімдер үлкен рөл атқарады.
Сыртқы экономикалық келісімдерді аймақтық реттеуге 1991 жылғы
редакциядағы 1968-1988 жж. жалпы жеткізу шарты (Ж.Ж.Ш.) жатады. Ж.Ж.Ш.
1991
ж. жалпы жеткізу шартының негізгі мәтінінің жаңарған түрі болып табылады.
Бұл бұрын экономикалық өзара көмек кеңесінің бұрынғы мүшелері арасында
қолданылған.
Сонымен қатар әмбебап деңгейдегі сыртқы экономикалық келісімдерді
реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер бар. Бұл ең алдымен 1964 жылғы
Гаагалық Конвенциялар "Халықаралық сауда-саттық туралы бірыңғай заң" және
"халықаралық сауда-саттық келісімдерін жасау тәртібі туралы бірыңғай
заң".Бұл конвенцияларға аз мемлекет қол қойғандықтан, бұлар кеңінен
таралады. Қазақстан бұл конвенцияларға қол қоймады.
Көпжақты келісімдерде, мемлекеттерге түрлі сыртқы экономикалық
проблемаларды шешудегі ереже кодексі болып табылатын, 1947 жылы қабылданған
"Тариф және сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) ерекше орын алады. Мұндағы
негізгі шарт мемлекеттердің бір-біріне қолайлы жағдай туғызу, яғни бір
мемлекеттің басқа мемлекетке берілген кедендік-тарифтік жеңілдігі, бұл
келісімге мүше мемлекеттердің барлығына таралады. "Тариф және сауда
жөніндегі Бас келісімнің" шарты сандық шектеуліктерді қолданудан бас
тартуды көздейді
Бұл келісім негізінде халықаралық ұйым қасиеттеріне ие механизм
қалыптасты. ҒАТТ-тың негізгі қызметі "раунд" деп аталатын тарифтік
конференциялар мен консультацияларды өткізу болып табылады. Мұнда саудаға
кедергі келтіретін кедендік тарифтерді төмендету және теғы басқа да
мәселелер қарастырылды. 1994 жылы "Уругвайлық раунд" шеңберінде
Бүкіләлемдік сауда ұйымын (БСҰ-ВТО) құру туралы Марракештік келісім ГАТТ-ң
БСҰ-на трансформацияны көздейді.
Сауда және оны дамыту жөніндегі БҰҰ (ЮНКТАД) БҰҰ Бас Ассамблиясы
жолындағы тұрақты орган ретінде қызмет етеді. Негізгі мақсаты әлеуметтік-
экономикалық дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған елдер арасындағы халықаралық
сауданы мадақтау болып табылады. Оның штабпәтері Женева қаласында
орналасқан.[4]
Сонымен қатар БҰҰ аясында халықаралық сауда құқығы жөнінідегі Комиссия
(ЮНСИТРАЛ) жұмыс істейді. Ол халықаралық сауда-саттық, халықаралық төлем,
халықаралық коммерциялық арбитраж саласындағы құқықтық нормаларды
қалыптастырумен және прогресивтік даму мәселелерімен айналысады. Қазақстан
Республикасының бұл Конвенцияға 31 наурыз 1993 жылы қосылды.[9]
Халықаралық келісімдерді реттеуде 1980 жылы қабылданған тауарларды
халықаралық сауда-саттық келісімі жөніндегі БҰҰ Конвенциясы (бұдан былай-
1980ж Веналық конвенция) үлкен маңызға ие. Бұл сатушы мен сатып алушылар
арасында туындайтын міндеткерліктер мен келісімдерді реттейді. Сатушының
немесе сатып алушының келісімді бұзған жағдайдағы құқықтық қорғау құралдары
анықталған.
Бұл конвенция әмбебаптық және келісушілік сипатта, өйткені мұнда түрлі
құқықтық жүйелердің институттары мен принциптері ескеріліп, жаңа
халықаралық экономикалық тәртіпті орнатуда дамушы елдердің мүдделері
көңілге алынған.
1964 жылғы Гаагалық конвенциялар 1980 жылғы Веналық конвенцияға
енгізілген.
Сыртқы экономикалық келісімдерді жасап, оны атқаруда халықаралық
дәстүрлер үлкен рөл атқарады. Сауда әріптестерінің сауда дәстүрлерін дұрыс
түсіну үшін, халықаралық сауда палатасы олардың түсіндірме жинағын
"Инкотермс" 1953 жылы басып шығарды. Уақыт өтумен ол қайта басылып шығып,
толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Құқықтық тұрғыдан алғанда
"Инкотермс" факультативтік сипаттағы ережелер жинағы болып табылады.
Негізгі жағдайларын пайдалану келісім-шарттарды жасау мен келісуді
жеңілдетіп, контрагенттерге түрлі түсініспеушіліктерді шешуде көмегін
тигізеді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы жақындасу
барысында негізінде сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды,
әсіресе екі мемлекет арасындағы көлік коммуникациялары жағдайына көбірек
назар аударылды. Қытайлықтар Қазақстанмен сауда қатынасын дамытуға
мүдделігін жасырмады.
Ол бір қызық еді: металл мен ағаш бартермен Қытай экономикасының
иелігіне шекара асып кетіп жатты. Қайта құрумен жутап қалған Қазақстанның
(жалғыз Қазақстаның ғана емес) рыногіне біртіндеп Қытай тауарларымен
толтырыла бастады. Бұл ағымды тоқтату іс жүзінде мүмкін емес еді, нарықтық
түйсік біртіндеп өз дегенін істей бастады: сұраныс ұсынысты тудырды.
Қазақстанда Қытай тауарлары төңірегінде дүрлігіс басталды. Жұрт бәрінде
талапайлап алып жатты, Алматының көрме орталығында өтетін сауда-өнеркәсіп
көрмелері астана тұрғындарының ең көптеп баратын орнына айналды.
Қазақстан рыногына Қытай өнімдерімен толтыру екі бойы жүрді.
Тұтынушылар өздері алған тауарлардың сапасына артынан барып назар аударды.
Қытаймен саяси және сауда экономика саласындағы ынтымақтастық әр қадамы
сайын күш ала бастады.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарындағы қол жеткен жетістіктерді
қуантпай қоймайды. Ресеймен достықсыз және тығыз өзара іс-қимылсыз
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қаз тұрып кетуі қиын еді.[4]
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қарым-
қатынастары мүдделелер тепе- теңдігінің сақталуы тұрғысынан алып қарағанда
тұрақты назар аударуды қажет етеді.
Бұл ретте, бәрінен де бұрын отандық тауар өндірушілердің мүддесін
қорғау жөніндегі келісімді іс-әрекет бірінші орында тұр.
Шынында да, бір тарап біртұтас экономикалық кеңістік принциптерін қатаң
ұстанам деп, қосымша жұмыс орындарын беретін жаңа өндіріс орындарының
ашылуына бөгет жасауға мәжбүр болса, ал екінші тарап бұл шешімге "адал
ниетпен" импорттық өнімдерге кедендік баж салығын жоғарылатумен,
демпингтерге қарсы тексерулер ұйымдастырумен жауап беріп отыруын қалыпты
жағдай деп айта алмаймыз ғой.
Достық, ынтымақтастық қай салада болмасын қарым-қатынас, теңдік пен
мүдделердің өзара есебін қажет етеді емес пе.
1.2. Халықаралық тауарлардың сату-сатып алу келісім шарты.
Барлық сыртқы сауда шарттарының айрықша маңыздысы сауда-саттық шарты
болып табылады.
Халықаралық сату-сатып алу келісім шартының ішіндегі маңызды рөльді
алады.[10]
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) тауарды екінші тараптың
(сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына
беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін
белгілі ақша бағасын төлеуге міндеттенеді.(Қ.Р.АК 406б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекснің (406-бабының 3-тармағы
бойынша) немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тауарлардың
жекелеген түрлерін сатып алу-сату ерекшеліктері заң актілерінде
белгіленеді.[5]
Халықаралық тауарлардың сатып алу сату түсінігі Вена Конвенциясының
көптеген белгілерінің көмегімен анықталады.
Веналық Конвенция бойынша халықаралық келісім құқығы бұл мемлекеттер
арасында жазбаша түрде жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін
халықаралық келісім.
Халықаралық сауда-саттық келісім туралы Веналық Конвенция бұл
келісімдерге коммерциялық кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан
келісуші жақтардың қол қойған сауда-саттық келісімдерін жатқызады[6].
Сауда-саттық келісімдердің әр түрлі түрлері бар.[11]
Бірреттік жеткізу келісімі – келісілген санды тауарды белгілеген
күнге, уақытқа жеткізуді көздейтін бір мезгілді келісім. Тауарларды
жеткізу белгіленген уақыт барысында бір немесе бірнеше рет жүзеге асырады.
Алынған орындалғаннан кейін келісім өз күшін жояды.
Бірреттік келісімдер қысқа және ұзақ мерзімді жеткізу уақыттарымен
болуы мүмкін.
Мерзімді жеткізу келісімі-белгілі бір тауарлар салым, партиясын
келісімде анықталған уақыт ішінде тұрақты жеткізуді білдіреді. Келісім
қысқа мерзімді (1 жыл) және ұзақ мерзімді (5-10 жыл немесе одан да көп)
болады.
Комплекстік құрал- жабдықтарды жеткізу келісімі құрал-жабдықтар бойынша
экспортаушы мен сатып алушы-импортер арасындағы байланыстың және де
жинақтауға қатысатын арнайы фирмалардың болуын білдіреді. Бас жеткізуші
жеткізілетін тауардың сапасына, оның толық жабдықталуына және уақытында
әкелуіне жауапты
Тауар үшін төлем формасына байланысты ақшалай формадағы төлем және де
тауарлы формадағы төлем келісімдерін ажыратады. Ақшалай формадағы төлем
келісімдері келісуші жақтармен келісілген валютамен есептесуді, төлем
әдістерін (нақты төлем, аванспен төлем немесе кредит) және төлем формалары
(инкассо, аккредетив, вексель, чек) білді.
Қазіргі кезде аралас формадағы төлем келісімдері кеңінен таралған.
Мысалы, құрылыс жағдайында төлем жартылай тауарлы, ал жартылай ақшалай
формада жүзеге асады.
Біздің елімізде тауарайырбастық және компенсациялық келісімдер-
бартерлік келісімдер кеңінен таралған. Бұл келісілген бір тауар санын
екінші тауар санына қарапайым айырбастауды білдіреді. Бұл келісімдер өзара
келісімде жеткізілетін тауарлар саны немесе келісушілер жақтардың
жеткізілетін тауарлар сомасы белгіленеді.
Қарапайым компенсациялық келісім. Бұл да тауар айырбас сияқты тең
бағаға тауарды айырбастың айырмашылығы, компенсациялық келісімде келісуші
жақтар өзара жеткізілетін тауарлардың бағасына келіседе. Мұндай келісімде
әдетте екі тауар емес, оданда көп айырбасқа жататын тауарлар саны
көрсетіледі.
Барлық халықаралық коммерциялық келісім қатынастарындағы жақтар
контрагенттер деп аталады. Халықаралық операциялардың көп бөлігі
фирмалармен жүзеге асырылады.
Фирма деп, алдына пайда табуды мақсат ететін сауда, құрылыс, транспорт,
ауылшаруашылық, өнеркәсіптік салаларында шаруашылық қызметін іске асыратын
кәсіпорын танылады. Әрбір фирма өз елінің саудалық реестрінде
тіркеледі.Әлемдік қорықтағы кәсіпорындарды былай ажыратады:[12]
1. Шаруашылық қызмет түріне және жасайтын операциялар сипатына
қарай.
2. Құқықтық жағдайына.
3. Меншік сипатына қарай.
4. Ұлттық капитал тиістілігіне қарай.
5. Қызмет саласына қарай.
Бірінші топқа өнеркәсіптік, саудалық, транспорттық-экспедиторлық,
сақтандырушылық, арендалық, туристік, жарнамалық және басқа фирмалар
жатады.
Екінші топқа жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлер одақтары жатады.
Үшінші топқа жеке мемлекеттікт және кооперативтік фирмалар жатады.
Төртінші топқа ұлттық, шетелдік және аралас фирмалар жатады.
Бесінші топқа халықаралық деңгеидегі фирмалар,яғни трансұлттық
корпорациялар жатады.
Келісімдерді жасау екі негізгі кезеңнен тұрады.Бұл келісімді жасау
ұсынысы (оферта) мен бұл ұсынысты қабылдау (акцепт).Келісімді жасау тәртібі
1970 ж. Веналық конвенцияның 14-24 баптары мен реттеледі.[13]
Оферта 2 талапты қанағаттандыруы керек: өзіне шамаланған келісімді
барлық маңызды пунктарды кіргізуі керек және нақты бір адамға немесе
белгісіз адамдар тобына бағытталуы тиіс. Соңғы жағдайда сауда және тағы
басқа азаматтарға қызмет көрсету саласында кеңінен таралған бұқаралық
оферта орын алады. Көрсетілген талаптардың біреуі болмаған жағдайда
келісімді жасау ұсынысы да болмайды. Тәжірибеде көпшілікке немесе белгілі
бір адамға қатысты оферта күші жоқ үндеулер жиі кездеседі . Оларды
келісімдерді жасау келіссөздеріне шақыру деп қарастыру қажет. Бұған түрлі
формадағы жарнамалар (каталогтар,буклеттер) мен хабарламалар жатады. Олар
бұл ақпараттарды таратушы адамдарды келісімдерді жасау туралы ешқандай
заңдық міндеттермен жүктемейді.[14]
Оферта өз күшіне оферта адресаты алған кезде енеді.
Акцепт бұл оферент ұсынған шарттар бойынша келісімді жасаудағы адресат
келісімі өз мазмұны бойынша акцепт келісімді жасау ұсынысындағы көрініс
тапқан шарттарға сәйкес келуі керек. "Акцептке қызмет етуді мақсат тұтатын,
бірақ толықтырулар, шектеулер және тағы басқа өзгерістері бар офертаға
жауап, офертадан ауытқуды білдіреді және қарсы офертаны көрсетеді." (1980
жылы Веналық конвенцияның 19 бабының 1 пункті). Егер өзгертулер айтарлықтай
болмаса және де оферент қарсылық білдірмесе, онда оферта акцептерімен деп
саналады. (1980 жылы Веналық конвенция 19б. 2 пункті)[7].
Егерде екі-жақ- экспортер мен импортер сауда келісімде көрсетілген
барлық шарттармен келіскен жағдайда келісім жасалынды деп есептелінеді.
Қазақстан Республикасының және тағы басқа бірқатар елдердің келісім
жасалған орын болып, акцепт алған орын саналады. Бірақ, "ортақ құқық"
елдерінде "пошталық жәшік теориясы" қызмет етеді. Ол бойынша келісім
жасалған орын болып, акцепт жіберілген ел салды.
Сыртқы сауда келісімдері әдетте төмендегідей негізгі бөлімдерден
тұрады:
1. Келісуші жақтарды анықтау;
2. Келісім заты;
3. Келісімнің жалпы сомасы мен бағасы;
4. Тауарларды жеткізу формасы;
5. Төлем шарты;
6. Тауарлардың орауышы мен таңбасы;
7. Меншік құқығының өтуі;
8. Сатушылардың кепілі;
9. Айыптық санкциялар мен шығындардың өтелуі;
10. Өте алмайтын күштердің жағдайы;
11. Сақтандыруы;
12. Арбитраж.
Егерде келісім заты ретінде машиналар, құрал-жабдықтар болса, онда
техникалық жағдайы, сынау жағдайы және тағы басқа бөлімдерде орын алады.
Бұл бөлімдер келісімнің негізгі мәтініне немесе оның ажырамас бөлігі болып
табылады.[15]
Келісімдегі негізгі шарттардан басқа келісуші жақтар өзара құқықтары
мен міндеттерін айқындайтын бірнеше қосымша жағдайларды да енгізуі мүмкін
халықаралық саудада белгілі бір тауарларды сату, сатып алуда типті
келісімдер астық, қант, мақта, орман материалдары, кофе және тағы басқа
саудаларында қолданылады[8].
Келісімдерді орындау-кредитор тарапынан міндеттерді орындау болып
табылады. Келісімдерді орындау негізіндегі басты принцип міндеттерді
орындау принципі саналады. Келісімдердің орындауы айқын және нақты болуы
керек. Келісім шарттарынан ауытқу жағдайында түзетуші жақ келісімнің
бұзылған жағдайына байланысты шығын туралы талапты ұсынуға құқысы бар, ал
белгілі жағдайларда күшін тоқтатады.
Сыртқы сауда-саттық келісімнің жүзеге асыру заты болып, келісімде
көрсетілген тауар болыптабылады. Сатушы келісім бойынша анықталған санына,
сапасына және сипаттамасына сәйкес тауарды жеткізу тиіс.(1980 жылы Вена
конвенциясының 35 б. 1т.)[9].
Сатып алушы, өз кезегінде, келісім бойынша тауарды алып, оған ақысын төлеуі
керек.
Тауарды жеткізу мерзімі сатушы сатып алушы тауарды меншігіне беру
уақытын айтады. Келісімде көрсетілген тауар саны бір уақытта немесе
бөлшектеліп жеткізілуі мүмкін. Бір уақыттық жеткізілімде тауарды жеткізудің
бір мерзімі анықталады, ал бөлшектеліп әкелінген жағдайда жеткізілудің
аралық мерзімі көрсетіледі. Жеткізілу мерзімі апталардың, айлардың,
күндердің сандарын көрсету жолдары арқылы белгіленеді, ал егер келісімде
тауарды жеткізу мерзімі көрсетілмесе, онда сатушы келісім жасалғаннан кейін
"ұзаққа созбай" тауарды жеткізуі керек.
Заңда мәмленің растық жағдайын баяндайтын бірыңғай құқықтық нормасы
жоқ. Олар туралы жалпы жағдайлары ҚР-ның Азаматтық кодекснің белгілі бір
баптарында көрсетілген. Жалпы олар төмендегілерді қамтиды;
1.Келісуші жақтар арасындағы нақты мәмле;
2.Келісімнің формаларының орындалуы;
3.Келісімнің қабілеттігінің сақталуы;
4.Келісім жақтарының қабілеттік жағдайы[10].
1) Келісімнің нақтылық жағдайы мәмленің мәнінен туындайды. Заңды
факт ретінде келісім- бұл жақтардың бірлескен қызметінің нәтижесіндегі
бітімі болып табылады. Бұл қызметтер өзара байланысты және заң рұқсат
ететін міндетті құқықтық қатынастарды туғызуға бағытталуы керек. Мұндай
бағыт болмаған жағдайда келісім жалған болып, нәтижесінде жарамсыз деп
танылады.[16]
Қ.Р. Азаматтық кодекснің 160б. 2 тармағы бойынша- тараптар шын
мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты екінші бір мәмлімені (қулықпен) бүрмелеу
мақсатымен жасаса, онда ол жарамсыз деп танылады.
Келісімді жасасқан кезде ұйым (азамат) басқа бір адамдар тарапынан
болатын заңсыз қысымынан тәуелсіз, яғни мәмілеге қатысушы жақтардың
еріктігі кемістіктерден еркін болуы керек. Ерік кемістіктері Қ.Р. Азаматтық
кодексінде көрсетілген 2 топтық келісімдердің жарамсыздығына әкеледі.
Жаңылысу салдарынан жасалған мәмілелер бір топтық келісімді құрайды және
(Қ.Р. А.К. 159б.) екі жақты реституция қарастырылған, ал алдау, зорлық,
қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер- екінші топтық келісімдер және бұл
жағдайда (Қ.Р. А.К. 159б.) біржақты реституция көзделген.
2) Қазақстандық ұйымдардың қатысуымен болатын келісімдерді қарапайым
және жазбаша формада жасалынады. Формалық сақталмауы мәміленің
жарамсыздығына алып келеді (Қ.Р. А.К. 157бап 1тарау). Бірқатар
мемлекеттерге мәмілені жасау формасы: ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін.
1980жылы Вена конвенциясы мәміле формасының проблемасына қатысты әр
түрлі әдістемелерді ескере отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың
компромистік шешімін ұсынады. Ол бойынша жалпы принцип келісімнің әр түрлі
формада, ауызшаны да алғанда жасалуы мүмкін екендігі (11бап), сауда-саттық
келісімдердің тек қана жазбаша формасын міндеттейтін мемлекеттерге қатысты
бұл ережені алып тастауға мүмкіндік беретін императивтік нормамен
толықтырылған. Мұндай ерекше құқықтықолданғысы келген мемлекет
Конвенциясының 12 және 96баптары бойынша арыз жазулары керек. Мұндай
норманың болуы сыртқы сауда-саттық келісім формасына әртүрлі талаптарды
қоятын мемлекеттерге конвенцияға қатысуына мүмкіндік береді.[18]
Сауда- саттық келісімнің орындалуын қамтамасыз етуде міндеттерді
орындау үлкен маңызға ие. Өзінің мәмлелік міндеттерін орындаған несие
берушінің құқығы, борышқор тарапынан бұзылуы мүмкін. Соның нәтижесінде
несие беруші шығынға ұшырайды.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін азаматтық құқықта арнайы шаралар
жасалынған. Бұлар мәмілелік міндеттерді тиістіорындауға жәрдем жасайды және
мәміле жақтарына құқықтық қорғауда қосымша сенімділік туғызады.
Заң немесе мәміле бойынша қосымша шаралар атқаруды қамтамасыз ететін
әдістер деп аталады. Оларға жататындар:[17]
1) Айыппұл- борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған ретте несие берушіге төлеуге міндетті ақша сомасы
(ҚР.АК293б).
2) Кепіл болушылық + болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі
алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара
қосалқы жауап беруге міндеттенеді (ҚР.АК330б).
3) Кепіл – міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышқор кепілме
қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге
салынған мүлік құнынан қанағаттануына құқы бар (Қ.Р. А.К. 229б).
4) Кепілпұл- уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен
алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен
орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалайсома (Қ.Р. А.К. 337б).
5) Кепілдік- несие берушінің (банк, ұйым)борышқордың қарызын өтеу үшін
беріледі.(Қ.Р. А.К. 329б).
6) Және тағы басқа мәміледе көрсетілгенқамтамасыз етулік сипаттағы
шаралар.
Айыппұл борышқорды өзінің міндеттерін тиісті орындауына
ынталандырады. Кепіл, кепіл болушылық және кепілдік тек қана ақшалық
міндеттердің орындалуы мен қамтамасыз етілуінде қабылданады.
Сыртқы сауда тәжірибесінде басқа да қамтамасыз етушілік шаралары да
қолданылады.[19]
1) Келісім жасалғаннан кейінгі сатып алушылық бағаның жартысын төлеу
шарты-оның мәні мынада: сатып алушы жеткізушіге төленетін төлемнің негізгі
бөлігін беріп, қалдығын тауардың соңғы бөлігін алып, оның сапасын
тексергеннен кейін береді.Жеткізушінің келісімде көрсетілген міндеттерді
орындамаған жағдайда төленбеген сома сатып алушының құзыретінде қалып, оның
шығындарын жабады.
2) Меншік құқығының сақталуы туралыкелісушілік шарт, бұл бойынша
сатушыда өзінің сатқан тауарына құқығы сатып алушы оған толық төлемді
төлегенге дейін сақталады.Борышқор өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда
сатушы, меншік иесі ретінде, тауарларды қайтадан қайтаруды талап ете алады.
Алайда бұл әдіс бірқатар қолайсыздықтар туғызады. Бұл жағдайда меншік иесі
заттардың бұзылуы мен зақымдануын өз мойнына алады.
1.3. Халықаралық сыртқы саудадағы экономикалық қатынастардың құқықтық
реттелуі.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең көп, кең
дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін
сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.[20]
Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше "қандай бір ел болмасын оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан
оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ."1
Халықаралық сауда-еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара
экономикалық тәуелділігі.
Халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін кең көлемде реттеу
алдымен БҰҰ шегінде жүргізіледі.
Экономикалық даму, әлемдік сауда, индустрияландыру, табиғи ресурстарды
игеру және осы сияқты басқа да мәселелер бойынша БҰҰ-ның арнайы мекекмелері
мен органдарының экономикалық және әлеуметтік қызметін бағыттау
экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы жүргізді.
Сауда шегіндегі халықаралық қауымдастық (халықаралық сауда құқығы).
1947 жылы мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын реттеу мақсатында
тарифтер мен сауда туралы көпжақты Бас келісімге (ГАТТ) қол қойылды. Оның
қатысушыларының саны 1997 жылы 130 мемлекетті құрады. Алаламау және ең көп
жеңілдік жасау қағидасы ҒАТТ-тың негізіне айналып, ең негізгі жеңілдіктер
дамушы елдерге жасалынады.
Соңғы Уругвай раунд-конверенциясында (1986-1993жж) қауымдастықты
реттеуде түбегейлі өзгерістер болды. Осы өзгерістерден кейін қызметттестік
шегінде өнеркәсіп тауарларының саудасымен шектелмей, қызмет саудасына,
ауылшаруашылық және тоқыма тауарлар саудасына, интеллектуалдық меншікті
қорғаудың саудалық аспектілеріне (ТРИПС) және инвестициялық шаралардың
сауда аспектілеріне (ТРИМС) кеңейді.[20]
ГАТТ-тың мүше елдері Уругвай раундының шегіндегі көпжақты сауда
келіссөздерінен кейін 1993 жылы 15 желтоқсанда өз жұмысын аяқтап, 1994 жылы
көкекте Марракештегі мәжілісте Қорытынды Актіге қол қойылды. Сонда
халықаралық Сауда Ұйымын құру туралы шешімі қабылданып, 1995 жылы 1
қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік Сауда Ұйымын (БҰҰ) құру тураоы мәмілеге қол
қойды. Құрылу кезінде БСҰ-ға 70-тен астам мемлекет мүше болып кірген. БСҰ
Женевада орналасқан.
Қазір Қазақстан Республикасы БСҰ-ға мүше долуға ұмтылуда. Оның
себептерінің бірі-БСҰ қызметінің негізгі бағыты-оған мүше мемлекеттердің
рыногында олардың тауарлары мен қызметіне еркін және тең дәрежеде жол
жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Бұл ұйымға мүше болу үшін мынандай
талаптарды ұстану қажет: тауарлар мен қызмет саудасы бойынша өзара
жеңілдіктер жасау, шаруашылық заңдарын БСҰ-ның талаптарымен үйлестіру, шет
мемлекеттермен сацуда-экономикалық қызметтестік аясында екіжақты және
көпжақты халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қажетті
соттық және әкімшілік шаралар қолдану.[21]
БҰҰ-ның дербес органы ретінде, 1964 жылы БҰҰ-ның сауда және дамуы
бойынша конференциясы құрылды (ЮНКТАД). ЮНКТАД-тың негізгі мақсаты
–халықаралық саудаға, соның ішінде, шикізат, өнеркәсіп тауарлары саудасына,
сонымен қатар саудамен байланысты қаржыландыру аясында жәрдемдесу.1 Бұнда
дамушы елдерге жасалатын сауда преференциялары мен өзге де жеңілдіктерге
баса назар аударылады.
Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Коммисиясы (ЮНСИТРАЛ)- БҰҰ БА-ның
көмекші органы.Ол 1966 жылы мына мақсатта құрылды: халықаралық
конвенциялардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау жолымен
халықаралық сауда құқығының дамуына жәрдемдесу.
ЮНСИТРАЛ негізгі актілердің ішіндегі 1947 жылы халықаралық тауарлардың
сауда саттығындағы талаптың ескеру мерзімі туралы Конвенцияны және 1980
жылы оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар хаттамасын, 1947 жылы БҰҰ
Халықаралық тауарларды сату-сатып алу шарттары туралы Конвенциясын
дайындады.[22]
Жекелеген шикізат тауарларының халықаралық саудасын реттеу үшін,
импорттаушы және экспорттаушы (бидай, қант, кофе, какао, мақта және т.б.)
не тек экспорттаушы мемлекеттердің (мұнай) қатысуымен көпжақты келісімдер
жасалды және бірқатар халықаралық ұйымдар құрылды.
Экспорттаушы елдердің ұйымдарына айқын мысал ретінде мұнай экспорттаушы
елдердің ұйымын алуға болады (ОПЕК). Бұл ұйым мұнайдың рұқсат етілетін
құнын сәйкестендіруді шектеу арқылы мұнай өндіруші елдердің мүддесін қоғау
міндетіне ие.
Экспорттаушы және импорттаушы елдердің қатысуымен құрылған ұйымларлың
мақсаты- әлемдік бағаның күрт толқуын жеңілдету, экспоттаушы елдерге
квоталар белгілеу арқылы сұраныс пен ұсыныстың реттелген қатынасын және
импорттаушылардың тауарларды сатып алуы бойынша міндеттемесін бекіту,
тауарлардың ең жоғарғы және ең төменгі құнын бекіту және "буферлік"
қорларының жүйесін құру.
Халықаралық экономикалық құқықтың дамуы үшін маңызы бар және
халықаралық саудаға жәрдемдесу мақсатында құрылған халықаралық ұйымдардың
ішінен Халықаралық Сауда Палатасын, Кедендік тарифтерді жариялаудың
халықаралық бюросын, Жеке құқықтың бір қалыпқа келуі бойынша халықаралық
институтты айтуға болады (ЮНИДРУА).
Қаржылық қатынастарда қосымша әрекет етуші халықаралық құқықтық актілер
шығару арқылы кәсіпкерлер арасындағы коммерциялық, қаржылық қатынастарды
реттейтін ұлттық заңдардың үндестігі мен бірыңғайландыру бойынша ЮНСИТРАЛ-
дың, сондай-ақ Халықаралық Сауда Палатасының және ЮНИДРУА-ның шегінде үлке
жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалға, Халықаралық Сауда Палатасы дайындаған 2000
жылғы кең көлемде қолданылатын "Инкотермс" сауда терминдерін талқылаудың
халықаралық ережесін алуға болады. Саудада халықаралық қызметтестіктің де
өз мақсаттары және шектеулері бар.
"Инкотермс" 2000 жылғы ережесі бойынша бірнеше топқа болады. Онда яғни
2000 жылғы "ИНКОТЕРМСТЕ" сатушылар мен сатып алушылардың міндеттері,
тауардың жеткізілуі, тауарлардың тасымалдануы, сатып алу-сату шартының
тиесілі толықтырылуы және тағы басқа ережелері мен міндеттері бірнеше
терминдерге бөлініп жеке-жеке қарастырылған.
1.EXW. Франко завод (орын атауы) "Франко завод" термині, сатушы тауарды
жеткізгенде өз міндеттерін орындаған болып табылады. Осы термин сатушының
міндеттерін азайтады және сатып алушы тауарды сатушының кәсіпорнынан
белгіленген орынға тасымалдаудағы барлық шығындарды және қауіп қатерді өз
міндетіне алады.
2.FCA. Франко тасымалдаушы (орын-атауы). "Франко тасымалдаушы" термині
мынанаы білдіреді, сатушы, сатып алушы белгіленген жеткізушіге, тауарды
өткен кеден қараудан, белгіленген орынға жеткізу. Осы термин барлық көлік
түрінде жеткізу үшін қолданылады. Егер сатып алушы басқа тұлғаға
тасымалдаушы болып табылмайтынға сенсе, онда сатушы тауарды жеткізу туралы
өз міндеттерін белгіленген тұлғаға бергеннен кейін орындалған болып
табылады.
3.FAS. Франко кеме бортының жағалауында (тиеу портының атауы).
Бұл термин мынаны білдіреді, сатушы жеткізу міндетін орындады деп
есептеледі, егер тауар белгіленген тиеу портында кеме портының жағалауында
аймақта немесе лихтерда орналасса.Бұл дегеніміз-сол уақыттан бастап барлық
шығындар мен қауіп-қатерлерді тауарды жоғалу немесе бұзылу туралы сатып
алушы өз мойнына алады.
FAS термині бойынша тауарды экспорт үшін кедендік қарау сатушыға міндет
етіледі. Осы термин тек қана тауарды су немесе ішкі су көлігімен
тасымалдауға ғана қолданылады.
4.FOB. Франко борт (тиеу портының атауы). Термин "Франко порт" мынаны
білдіреді, сатушы жеткізуді орындайды, егер белгіленген тиеу портында тауар
кемеге өтсе. Бұл дегеніміз-сол уақыттан бастап тауардың жоғалу немесе
бұзылу және берлық шығындарға сатып алушы жауап береді. FOB термині бойынша
сатушыға тауарды экспорт үшін кедендік қарау міндет етіледі. Осы термин тек
қана тауарды су немесе ішкі су көлігімен тасымалдауға қолданылады.
Егер тараптар тауарды кемемен жеткізуді қарастырмаса онда ҒСА терминін
қолданады.
5.CFR. Баға мен фрахт (... белгіленген порттың атауы.)
"Баға мен фрахт" термині сатушыны жеткізуду орындайды, егер тауар тиеу
портында кеме өткеннен кейін болса.
Сатушы шығындар мен фрахтты төлеуге міндетті белгіленген портқа тауарды
жеткізу, бірақ тауардың бұзылуы мен жоғалу қаупі және тағы басқа шығындар
тауарды тиеуден кейін сатушыдан сатып алушыға төлейді.
CFR. термині бойынша сатушыға экспорт үшін тауарды кедендік қарау
міндет етіледі. Осы термин тек қана тауарды су немесе ішкі су көлігімен
тасымалдауға қолданады, егер тараптар тауарды кемемен жеткізуді
қарастырмаса онда СРТ терминін қолданады.
6.CIF. Баға қауіпсіздендіру және фрахт.(... белгіленген порттың атауы).
Бұл термин бойынша, сатушы жеткізуді орындайды, егер тауар тиеу портына
кемеге өткеннен кейін болса, сатушы шығындар мен фрахтты төлеуге міндетті
және белгіленген портқа тауарды жеткізу, бірақ тауардың бұзылуы немесе
жоғалу қаупі және тағы басқа шығындар тауарды тиеуден кейін сатушыдан сатып
алушыға көшеді.
Бірақ, CIF термині бойынша сатушы сатып алушының пайдалануына су
қауіпсіздендіруін алуға міндетті.
Бұл термин тек қана тауарды су немесе ішкі су көлігімен тасымалдауға
пайдаланылады.
7.СРТ. Фрахт тасымалдау төленді.
Фрахт тасымалдау төленді дегеніміз- сатушы тауарды белгіленген
тасымалдаушыға жеткізу.Сатушы шығындарды төлеуге міндетті, белгіленген
жерге тауарды тасымалдауға байланысты.
СРТ. термині бойынша, сатушыға экспорт үшін тауарды кедендік қарау
міндет етіледі, осы термин тауарды барлық көлік түрімен тасымалдауға болады
және де аралас тасымалдауды қосқанда.
8.CIP.\тасымалдау және қауіпсіздендіру төленді\ осы уақытқа дейінгі\
\...белгіленген орын атауы\.
Сатушы тауарды белгіленген тасымалдаушыға жеткізеді.Сонымен қатар, сатушы
белгіленген орынға тасымалдаумен байланысты шығындарды төлеуге міндетті.Бұл
дегеніміз-сатушы барлық қауіп қатерді және қосымша шығындарды өз мойнына
алады.
Егер сатып алушы қауіпсіздендіруді үлкен деңгейде қамтамасыз еткісі,
онда сатып алушы осы жайлы сатушымен келісуі керек немесе өзі қосымша
қауіпсіздендіруді жасауы керек.CIP термині бойынша сатушыға экспорт үшін
тауарды кедендік қарау міндет етіледі. Осы термин тауарды барлық түрімен
тасымалдауға болады.
9.DAF. Шекараға дейін жеткізу.
\...жеткізу орнының атауы\
Шекараға дейін жеткізу дегеніміз-сатушы өз міндетін орындауды егер
тауар көліктен түсірілмеген болса, экспорт үшін кедендік қараудан өткізу,
бірақ әлі импортқа емес, сатып алушының иесіндегі көліктен белгіленген
орынға немесе шекарадағы орынға кедендік шекараға тауардың келгеніне дейін
"Шекара" термині қандай да болсын шекара экспорт елінің шекарасын қосқанда.
Сондықтан шекараның нақты орнын белгілеу керек. Бірақ, егер тараптар сатушы
тауарды келген көліктен түсіру немесе барлық шығындар мен қауіп-қатерлерді
өз мойнына алса, онда ол нақты сатып алу-сату шартында айтылуы керек.
Егер тауарды белгіленген портта кеменің бортында болса онда DES немесе
DEQ термині қолданылуы керек.
10.DES. Кемкден жеткізу.\...белгіленген порттың атауы\
"Кемеден жеткізу" термині сатушы жеткізуді орындайды, егер ол импорт
үшін тауар импорт қарауынан өтпеген болса, сатып алушының иелігінде кеменің
бортында белгіленгенпортқа, сатушы барлық шығындар мен қауіп-қатерлерді өз
мойнына алады және белгіленген портқа тауарды көліктен түсіргенге
дейін.егер тараптар, сатушы тауарды көліктен түсіргендегі барлық шығындар
мен қауіп-қатерді өз мойнына алады, онда DEQ термині қолданылуы керек. Осы
термин тек су немесе ішкі су көлігімен ғана қолданылады, егер тауар кемемен
белгіленген портқа келсе.
11. DEQ Кемежайдан (присталь) жеткізу (белгіленген порттың атауы).
"Кемежайдан жеткізу" термині, сатушы өз міндеттерін орындайтын, егер
тауар импор үшін кедендік қараудан өтпесе, белгіленген порттың кемежайда,
сатып алушының иелігіне сатушы тасымалдау және тауарды көліктен кемежайға
түсіргенде барлық шығындар мен қауіп-қатерді өз мойнына алады. DEQ термині
сатып алушыға тауарды импорт үшін кедендік қарау міндеті жатады және де
салықты міндеті жатады және ден салықты, баж салығын және басқа да
салымдарды төлейді.
Осы термин тек қана су немесе ішкі су көлігімен тасымалдануы тиіс,
белгіленген портта тауар кемеден кемежайға түсіріледі.
Егер, тараптар сатушының міндетіне тауарды кемежайдан басқа орынға,
портқа апару, немесе порттан шет жаққа онда ДДИ және ДДР терминін
қолданылады.
12. ДДИ. Баж салығын төлеусіз жеткізу (белгіленген орын атауы).
"Баж салығын төлеусіз жеткізу" термині сатушы белгіленген орынға
тауарды кедендік қараудан өтпенген және келген көліктен тауар түсірмегенде.
Сатушы тауарды белгіленген орынға тасымалдау жөніндегі барлық шығындар
мен қауіп-қатерлерді өз мойнына алады. Егер тараптар сатушы кедендік
қараудағы барлық шығындар мен қауіп-қатерді өз мойнына алса, онда ол нақты
сатып алу-сату шартының қосымшасында айтылуы тиіс.
Осы термин барлық көлік түрінде қолданылуы тиіс, жеткізу кеме бортында
іске алады немесе белгіленген порттың кеме жайында болса онда DES немесе
DEQ термині қолданылады. [23]
13. ДДР "Баж салығын төлеумен жеткізу" (белгіленген орын атауы).
"Баж салығын төлеумен жеткізу" термині, сатушы тауардың кедекдік
қарауды өткен және келген көліктен түсірмеген тауарды тасымалдау жөніндегі
барлық шығындар мен қауіп-қатерді өз мойнына алады. Осы термин барлық көлік
түріне қолданылады.
Егер кеме бортында немесе порт кеме жайында қолданылса, онда DES немесе
DEQ терминдері қолданылады[11].
1949 жылы НАТО шегінде АҚШ-тың бастамасымен экспорттық бақылау бойынша
үлестіру комитеті құрылды (КОКОМ). Бұл комитет батыс елдерінің соцалистік
елдермен экспорттық саудасын шектеу бойынша орган ретінде жұмыс істейді.
КОКОМ-ға НАТО-ның елдері ғана емес, сонымен қоса Жапония мен Австрия мүше.
КСРО құлағаннан кейін де КОКОМ НАТО үшін "қауіпті" деп саналғандықтан,
экспорттауға тыйым салынатын немесе шектелген сратегиялық тауарлардың
тізімін жүргізу тоқтатылмады. 1994 жылы КОКОМ таратылды. Васенарлық
келісімде (1996) қарапайым қарулардың, сонымен қоса екі мақсатта
қолданылатын тауарлар мен технологиялардың экспортталуына бақылау жасауды
жалғастыру көзделген. Бұл келісімге КОКОМ-ның бұрынғы мүшелерімен қоса
Ресей, Шығыс Европа елдері және өзге мемлекеттер қатысады.
Соңғы 10 жылдың ішінде саудаға сіңіріліп кететін халықаралық
өнеркәсіптік қауымдастық қарқынды өсіп келеді. Халықаралық өнеркәсіптік
қауымдастық астарында өндіріс саласындағы тікелей кооперациялық байланысты,
бірлескен өнеркәсіптік қызметті, сонымен бірге өнеркәсіптік шегіндегі
шетелдік нивестициясы, технологиялық көмегі түсініледі. Дамушы елдерге
техникалық көмек көрсету және индустрияландыруға жәрдемдесу, сонымен қоса
өнеркәсіптің дамуы саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіру мақсатында 1966 жылы
БҰҰ өнеркәсіптік даму туралы ұйымы құрылды. 1985 жылы ал БҰҰ-ның
мамандандырылған мекемесіне айналды.
1993 жылы 24 қазанда ТМД көптеген мемлекеттері шекті сипаттағы ТМД
елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл одақты
құрудың мақсаты капиталдың, тауардың, қызметін бірыңғай қалыптастыру және
валюталық-қаржылық саясатты сәйкестендіру. Осынау Одақтың институттық
базасын нығайту мақсатында 1994 жылы Мемлекетаралық экономикалық комитет
(МЭК) құру туралы келісім жасалды.[24]
Сауда өнеркәсіп палатасы (СӨП)-бұл қоғамдық ұйым болып табылады. Ол
тауарларға сараптама жасау жөніндегі қызмет көрсетеді, тауарлардың сапасы
және шыққан жері туралы сертификат береді, шығармашылықты патеттейді және
тауарлар белгілерін тіркейді. СӨП қарамағында Арбитраждық коммисия бар. Ол
өз кезегінде сыртқы экономикалық қызметтің негізінде кәсіпкерлердің
арасында пайда болған дауларды шешумен айналысады.
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының сауда-саттықты реттеудің
тәжірибесі.
Республиканың тәуелсіз жылдары ішінде сыртқы саудалық қызмет өзінің
дамуында бірнеше кезеңдерден өтті.
Бастапқы кезеңді сыртқы экономикалық салада жалпы мақсат-міндеттері мен
басымдық бағыттары анықталды[12].
1992-1993 жылдары импорт пен экспортты квоталауы лицензиялауын қамтитын
сыртқы саудалық қызметтің тарифтік емес реттелу тәртібі анықталды; шетке
шығаратын және шеттен әкелетін тауарларға кедендік тариф ставкасы
анықталады, ранайы экспорттаушы институты қалыптасты және мемлекеттік
сыртқы саудалық компаниялар арқылы экспортқа сратегиялық маңызды тауарларды
шығару тәртібі белгіленеді. [25]
1994-1995 жылдар аралығында сыртқы саудада елеулі ырықтандарылуы
жүргізілді. Мысалы: экспорот тауарларын квоталау жойылды. Лицензияланған
өнім тізімі қысқартылды; орташа импорттық кедендік баж ставкасы
төмендетілді; кедендік және салықтық жеңілдіктерді көрсету тәжірибесі
жойылды; арнайы экспорттаушы институты таратылды; Қазақстан, Ресей және
Беларусь арасында Кедендік Одақпен әріптестік және ынтымақтастық туралы
келісімдеріне қол қойылды; Еуропалық Одақпен әріптестік және ынтымақтастық
туралы келісімдеріне қол қойылды; Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына
кіру туралы арыз берілді.
Сонымен қатар 1995 жылы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасын дамытуда
мынандай қадамдар жасады: ұлттық және жеке қауіпсіздік денсаулыққа деген
көзқарастар байланысты бірқатар тауарлар тізімінен басқа барлық экспорттық
және импорттық квоталар алынып тасталынды; сратегиялық тауарлардың сыртқы
саудасына монополия жойылды; экспортерлердің валюталық табысының міндетті
сатылуы тоқтатылды; биржалық және аукциондық сауда ұлғайтылды.
Сыртқы саудадаға ырықтандырылуы ішкі рынокқа ғана әсер етіп қойған жоқ.
Қазақстанның ОЭСР рыноктарына шығу мүмкіндіктері кеңейді.Біздің
Республикамызға қатысты нарықтық емес экономиканы елдерге салынатын
көптеген кедендік салықтары мен санкциялары алынып немесе төмендетіліп
тасталынды.
Қазақстан Республикасының импорты Ресей рублінің құнсыздануына
байланысты Ресей тауарларының арзандауы және соған сәйкес Қазақстандық
тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестігі төмендеп, республикаға Ресей
тауарларының әкелінуінің күрт өсуімен сипатталады. Кедендік Одақ шеңберінде
шекаралар анықтығы, әсіресе Ресеймен шекаралас аудандарда Ресей
тауарларының демпингтік бағалар бойынша енуіне мүмкіндік берді. Осы
жағдайларға байланысты Қазақстан тауарларының экспорты төмендеді.[26]
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстан 1999 жылдың
қаңтар айында бірқатар демпингке қарсы шаралар қолданды. Қазақстан
Республикасымен Ресей Федерациясы арасында "Ресей Федерациясынан 1-
категориялары тауарлардың әкелінуіне уақытша тыйым салу туралы"
мәжілістемеге қол қойды.
Кейінірек Қырғызстан мен Өзбекстан әкелетін тауарларға 200% кедендік
тариф еңгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |